Қаз ҒЗМИ бас директоры Андрей Хазбулатов пен Норвегия елшісінің орынбасары Виктор Йенсен Тамғалы шатқалына барды

07.10.2015 11:36 1716

2015 жылдың 7 қазанында Қаз ҒЗМИ бас директоры Андрей Хазбулатов Норвегия елшісінің орынбасары Виктор Йенсен мен бірге Тамғалы шатқалына барды. Бұл археологиялық ландшафтың петроглифтері бүкіләлемдік ЮНЕСКО мұрасының тізіміне кірген. Делегацияны «Таңбалы» мемлекеттік тарихи-мәдени және табиғи музей-қорығының директоры Абай Сәдуақасұлы қарсы алды. Музей-қорық бойынша таныстыру экскурсиясын Борис Железняков жүргізді.

Кездесу барысында Қазақстандағы петроглифтерді дәріптеу және зерттеу бойынша біріккен жобаларды жүзеге асыру сонымен қатар халықаралық қарым-қатынастарды нығайту жайлы талқыланды.

Тамғалы шатқалы Алматы қаласынан солтүстік-батысқа қарай 170 шақырым жерде, Шу-Іле тауларының байтақ, құрғақ жерінде орналасқан. Оның құрамына екінші мыңжылдықтың екінші жартысынан 20-шы ғасырдың басына дейінгі керемет шоғырланған  5000 петроглиф кіреді.