Қазақстан және Италия көрермендеріне Дж. Пуччинидің «Богема»операсы ұсынылады

09.10.2015 09:53 1662

  

«Астана Операда» және «Карло Феличеде» (Генуя, Италия) Дж. Пуччинидің «Богема» операсы ұсынылады. Қос сахнада елордалық театрдың солисттері өнер көрсететіні ерекше атап өтетін жайт. Аса көрнекті композитордың музыкалық туындысын қазақстандық көрермен 13 және 14 қазанда, биік өнерді сүйетін итальяндық қауым операны 27, 29 желтоқсанда; 2 және 3 қаңтарда тамашалайды.

Өнер көрсетпес бұрын вокалисттер — тенор Медет Шотабаев, сопрано — Айгүл Ниязова, Әлфия Кәрімова, Салтанат Ахметова, баритондар — Сүндет Байғожин, Талғат Мұсабаев, Евгений Чайниковжәне бас Артұр Қайыпқұловитальяндық дирижер, Генуядағы «Карло Феличе» опералықтеатрының көркемдік жетекшісі Джузеппе Акуавиваның шеберлік сабағынан өтеді.

— «Астана Опера» театрының әртістерімен әріптестік құрғаныма өте қуаныштымын. Біздің біріккен жұмыстарымыз наурызда «Богема» операсын қойған кезде басталған, одан кейін «Тоскамен», сондай-ақ шілдеде Карло Феличе театрының симфониялық маусымыныңжабылуынажәне Expo-2015 (Милан) арналған концертте Бетховеннің №9 симфониясымен жұмыс жасадық. Мұнымен әріптестігіміздің аяқталмайтынына бақыттымын, алдағы жылы да бізді «Астана Операда» және Генуяда өтетін қойылымдар күтіп тұр. Біз дұрыс айту және нақышына келтіріп орындау бағытында тынбайжұмыс жүргіземіз. «Богеманы» мәнеріне сай орындау ісіне берілу, дүние жүзіндегі ең көп орындалатын опералардың біріне терең үңілу деген сөз,осы жұмысымыздың нәтижесі бойынша әншілер аталған операны әлемнің ірі опералық театрларында орындайды деп үміттенемін.

Сюжет бойынша кейіпкерлердің барлығы жастар, париждік мансардыны мекендеген пақыр зиялы қауым өкілдері: ақынРудольф, суретші Марсель, музыкант Шонар және философ Коллен. Мұқтаждық - өмір бойғы серік, соған қарамастан пәтер ақысын төлеуге де, тамызыққа да көк тиындары болмағанолардың ұнжығасы түспей, көңілді күн кешеді. Өзі тұратын үйде көйлек-көншек тігетін Мимиді кезіктіретін Рудольфтің жүрегінде ғашықтық оты ұялайды. Мими де оны ұнатып қалғанын жасырмайды. Алайда бақытты күндер ұзаққа созылмайды. Рудольф пен Мимиге айырылысуға тура келеді: нәзік қыз өкпе ауруына шалдығады, ал Рудольфтің үйі дымқыл да, суық. Қыс та артта қалып, Мими Рудольфқа қайта оралады, алайда байқұс қыздың күні санаулы еді.

— Қазақстандық солисттердің келгені біз үшін өте маңызды. Карло Феличе театрында әлемдік опера өнерінің ең жарқын жұлдыздары өнер көрсетеді.Әр қойылымда болашағынан зор үміт күтетін жас әншілермен бірге тыңдарманға атақты әншілер ұсынылады. Мариэлла Девиа, Диана Дамрау, Мария Гулегина, Даниэла Десси, Франческо Мели, Грегори Кунде, Хорхе де Леон, Лео Нуччи, Карлос Альварес, Лука Сальси, Алекс Эспозито, Фабио Луизи, Андреа Баттистони -бұл Карло Феличе театрының афишасынан түспейтін опера жұлдыздары мен дирижерларының бір бөлігі ғана, — дейді сөзін жалғастырған Джузеппе Акуавива.

Көркемдік жетекші сонымен қатар «Астана Опера» солисттерінің вокалдық мүмкіндіктері тамаша екенін атап өтті. Ол әншілеріміздің оқуға және білімдерін тереңдетуге деген құлшыныстарына ерекше назар аударды.

по материалам: mks.gov.kz