12 қазан, 2015. Астана. 14-15 қазан күндері Тараз қаласында Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің ұйымдастыруымен «Оқыту бағдарламалары мен мазмұны, оқыту технологиясын жетілдіру» тақырыбында семинар-тренинг өтеді.
Семинар-тренингтің мақсаты — мемлекеттік тілді ересек адамдарға үйрететін оқытушылардың кәсіби біліктілігін жетілдіру, онлайн әдісімен озық тәжірибелерді алмасу және мемлекеттік тілді оқыту орталықтарының оқытушыларын ынталандыру болып табылады.
Семинар-тренингке әдіскер ғалымдар, тіл мамандары, тіл үйренушілер, Астана, Алматы қалалары және облыс орталықтарындағы мемлекеттік тілді оқыту орталықтарының басшылары мен оқытушы әдіскерлеріқатысады.
Шара барысында әдіскер-ғалымдар мемлекеттік тілді оқытудың тиімді технологиялары мен әдіс-тәсілдерімен бөліседі. Жамбыл облысы Тілдерді дамыту басқармасы Мемлекеттік тілді оқыту орталығының үздік оқытушылары панорамалық сабақтар мен онлайн режимінде шеберлік сабақтарын көрсетеді.
Толық ақпарат алу үшін 8(7172) 740509, 408367, 87018975047, 87025490979 байланыс телефондары арқылы хабарласуыңызды өтінеміз.
по материалам: mks.gov.kz