Алматыда «Алтын көпір» халықаралық аудармашылар байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтеді

12.10.2015 10:12 1541

2015 жылғы 16 қазанда Алматы қаласы «Қазақконцерт» өнер бірлестігінде «Алтын көпір» халықаралық аудармашылар байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтеді.

Шараға зиялы қауым өкілдері, Жазушылар одағының мүшелері, қоғам қайраткерлері, жоғары оқу орындарындағы аударма ісі саласының мамандары мен студенттері қатысады.

Жобаны жүзеге асырудағы негізгі мақсат Қазақстан мен Ресей елінің арасындағы халықаралық бейбітшілік пен келісімді, өзара түсіністік, әдеби және мәдени қарым-қатынастарды нығайту, дарынды аудармашыларды анықтап оларды ынталандыру болып табылады.

«Алтын көпір» аудармашылар байқауына жұмыстарды қабылдау 2015 жылғы 15 шілде мен 20 тамыз аралығында жүргізіліп, поэзия және проза жанрларындағы шығармаларды қазақ және орыс тілдеріне аудару аталымдары бойынша анықталды.

Марапаттау рәсімінде өнер жұлдыздары өнер көрсетіп, байқау жеңімпаздарының шығармалары енген жинақ таратылатын болады.

Шара ұйымдастырушылары — Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитеті. 

по материалам: mks.gov.kz