Ресей баспасының директоры Г. Пряхин: «Ежелгі Тараз» музейінің ашылуында көргенім мені таң қалдырды

12.10.2015 10:04 1636

 

Таразда Қазақ хандығының 550-жылдық мерейтойы аясында өткен мерекелік шаралар аяқталды. Салтанатты іс-шаралар барысында Қазақстан Республикасы Президенті Н. Ә. Назарбаев «Ежелгі Тараз» археологиялық саябағы мен музейінің ашылуына қатысты. Шақырылған қонақтардың қатарында әйгілі ресей саясаткері, журналист, жазушы Георгий Пряхин да болды. Ол шараға қатысудан алған әсерлерімен бөлісті.

«Художественная литература» (Ресей) баспасының директоры Георгий Пряхин: 

— «Ежелгі Тараз» музейінің ашылуында көргендерім мені таң қалдырды. Бұл құрылыстың көлемі маған қатты әсер етті. Бұл тек Қазақстан, Орталық Азия үшін ғана емес, посткеңестік кеңістікте тұрып жатқандардың барлығы үшін тамаша табыс. Саябақта жұмыс істеп жатқан жас археолог-студенттерге қарай отырып, олар осы жерде басты дәріс — Отанына деген сүйіспеншілік дәрісін алуда.

Мен қазақстандықтардың өз тарихы мен мәдениетіне деген қызығушылығы қатты әсер етті. Біз Қазақстанмен ортақ кітаптар шығаруда көп жұмыс істейміз. Жақында «Жамбыл Жабаев» (Е.Б. Сыдықов) кітабы шықты. Бұл кітапқа алғысөзді Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың өзі жазды. Өте жақсы, бейресми алғысөз. Сіздің Президентіңіздің арқасында қазақстандық тарихты ғана емес, Ресей мен Қазақстанды байланыстыратын ортақ есімдерді де қайтарылып жатыр.

«Жамбыл Жабаев» кітабы Мәскеуде кеңінен танымал. Қазақстандық әріптестерімізбен бірге біз Лев Гумилев туралы жеке энциклопедия, сонымен қатар заманауи қазақстандық әдебиет пен тәуелсіз Қазақстанның әдебиеті жөніндегі алтытомдық кітапханасын шығардық.

по материалам: mks.gov.kz