Самарада (Ресей) Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен өткен Ресей қазақтары Кіші құрылтайының барысында Қазақстан Республикасы Президентінің «Нұрлы жол — болашаққа бастар жол» Жолдауын түсіндіру мақсатында «Дөңгелек үстел» ұйымдастырылды.
«Дөңгелек үстел» қатысушылары — Астрахан, Омбы, Орынбор, Саратов, Волгоград, Новосибирск, Қорған, Түмен, Челябинск, Таулы Алтай, Барнаул, Мәскеу, Қазан, Уфа, Вологда, Екатеринбург, Иванова, Ярославль, Самарадағы қазақ мәдени орталықтарының, Самара өңірлік «Ақ жол» ұлттық-мәдени автономиясы аудандық бөлімшелерінің (филиалдарының) жетекшілері мен белсенділері.
Іс-шараны Ресей қазақтары федералдық ұлттық-мәдени автономияларының Президенті, Ресей Президенті жанындағы ұлтаралық қатынастар жөніндегі Кеңестің мүшесі Тоқтарбай Дүсенбаев кіріспе сөзбен ашып, Дүниежүзі қазақтары Қауымдастығы Төрағасының бірінші орынбасары Т. А.Мамашевке сөз берді.
Талғат Мамашев өзінің «Ұлт көшбасшысы және шетелдегі қазақтар» атты баяндамасында Нұрсұлтан Әбішұлының аралары шекара арқылы бөлінген қазақ халқының біртұтастығын сақтаудағы рөліне тоқталды.
«Дөңгелек үстел» жүргізушісі - тарих ғылымының докторы, доцент, ҚР Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің Ш. Ш.Уәлиханов атындағы тарих және этнология институтының бөлім меңгерушісі Айжамал Құдайбергенов түрлі слайдтар арқылы ҚР Президенті халыққа Жолдауының негізгі идеяларын шетелдік аудиторияға анық түсіндіріп берді.
Қатысушылардың сұрақтарына ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитеті төрағасының орынбасары Ербол Нұрғалиев шығып жауап берді.
Астрахан қаласындағы ҚР-інің Консулы Асхат Сыздықов Қазақстанның сыртқысаяси ведомствосының ерекшеліктерін және Ресей қазақтары шоғырланып орналасқан шекаралық аудандармен іскерлік ынтымақтастық жағдайларын ескере отырып, ҚР Президенті Жолдауының мәнін ашты.
Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы Солтүстік Қазақстан облыстық филиалының жетекшісі Сағындық Салмұрзин «Болашаққа салынған қазақстандық көпір» атты баяндама жасады.
ҚР Президенті Жолдауын талқылауға Ресей жағынан, Саратовтан Геннадий Ташпеков, Орынбордан Сәуле Тайкешова, Азамат Байдәулетов пен Руслан Шөкеевтер қатысты. Анығырақ айтсақ, тарих ғылымының кандидаты, доцент, РФ орта кәсіптік білім беру ісінің Құрметті қызметкері, Волга бойы қазақтары Ассоциясының Құрметті президенті Геннадий Ташпеков, өзінің пікірінше, уақыт талабына сәйкес, әлемдік дағдарыс жағдайына байланысты Қазақстанның уақтылы әрі шұғыл іс-шаралар қабылдауына орай ҚР Президенті Жолдауының мерзімінен бұрын жарияланғандығын атап өтті. «Нұр-Отан» партиясының сьезін күтпестен, Ұлт көшбасшысы халық алдына анық әрі ашық міндеттер қойды. Ғалым Саратов облысының Астанадағы күндерінің маңыздылығын атай келіп, Губернатор мен оның команда мүшелерінің Қазақстан астанасында көрген жайттарға, оның тез өсіп дамығандығына, Қазақстанның мүмкіндіктеріне таңдана да қызыға қарағанын ортаға салды. «Осыдан кейін саратовтық жергілікті басшылар қазақтарға басқаша қарай бастады», деп қортындылады Ташпеков өз сөзін.
Сәуле Тайкешова Орынбор облысы мен Қазақстанның шекарааралық ынтымақтастығының маңызын айта отырып, көптеген көрсеткіштер бойынша қазақстандықтардың табысты келе жатқандығын кәсіпкерлер үнемі атап көрсететінін, ресейліктердің өз көршілерінен үйренуге тиіс нәрселері көп екендігін мойындады. Облыстағы гастербайтерлер қатарында қазақстандық қазақтар жоқ, басқа елдердегі өзбектер, қырғыздар бар.
Азамат Байдәулетов Ресей қазақтарының қазақ тілін үйренуі тым маңызды екендігіне тоқталды: «Көптеген ресейлік қазақтар қазақ тілін білмейтіндіктен, Қазақстан Республикасына баруға өздерін қолайсыз сезінеді". «Біз Қазақстан институттарына жолдама береміз, біздің жастарымыз мұнда қайта оралмайды, Қазақстанда қалады».
Башқортстан Республикасындағы қазақтардың «Ақ бата» ұлттық мәдени Аймақтық қоғамдық ұйымы президенті, уфалық Мархуба Шумова Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының Қостанай филиалына өз ұйымдарын қамқорлыққа алуды ұсыныс етті.
Тұтастай алғанда, ҚР Президенті Жолдауын түсіндіру уақтылы әрі дұрыс өткізілген іс-шара болды. ҚР Президенті, Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы Төралқасының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың идеялары Қазақстан және оның халқымен тығыз бауырластық, мәдени-экономикалық байланысы бар ресейлік қазақтар тарапынан қызу қолдау тапты.
по материалам: http://mks.gov.kz