Самарада Ресей қазақтарының кіші құрылтайы қорытындыланды. Құрылтай бағдарламасы мазмұнды болды, қазақстандық тараптан Дүниежүзі қазақтары қауымдастығымен дайындалып және Мәдениет және спорт министрлігімен мақұлданды.
Құрылтай түрлі форматта өткізілді және қоғамда, екі мемлекет бұқаралық ақпарат құралдарында үлкен қызығушылық тудырды. Форум қатысушылары Самара Өңірлік қоғамдық ұйымының «Ақ жол» қазақтардың ұлттық-мәдени автономиясының 10 жылдық мерекелеу, Қазақстан Республикасының Президенті, Үлт көшбасшысы Н.Ә. Назарбаевтың «Нұрлы жол — болашаққа бастар жол. Нұрлы жол — путь в будущее» Жолдауын түсіндіру бойынша және «Заманауи Ресейдегі қазақ этномәдени қозғалысы: тәжірибесі, міндеттері, сабақтары» тақырыбында екі «дөңгелек үстел» отырысының куәгерлеріне айналды.
Шаралар аясында ҚР Ата Заңының 20 жылдығына орай Самара мен Мәскеудегі қазақ этномәдени қозғалысының көшбасшыларына екі медаль тапсырылды. Сондай-ақ «Казахская диаспора и репатриация. 1991-2012» (Қазақ диаспорасы және репатриация. 191-2012) атты Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының ғылыми еңбегі мен «Казахи земли Тюменской» атты Ресейде жарық көрген, Түмен қазақтарының қоғамдық ұйымы шығарған кітаптың тұсаукесерлері өтті.
Самара облысы қазақтарының материалдық емес мәдени мұрасын тамашалау, Алматы, Астана, Орал және Самара әртістерінің қатысуымен Гала-концерт, сондай-ақ 4 және 5 қазан күндері Самара облысындағы қазақтар шоғырланып тұратын Нефтегорск ауданы Дмитриевка ауылы мен Кенельск ауданы Қазақ ауылында Қазақстан әртістерінің берген концерті үлкен табыспен өткізілді.
Қазақстан, Қытай мен Өзбекстаннан кейінгі сан жағынан төртінші болатын қазақтар қауымы Ресей Федерациясында тұрады. ҚР РФ Елшілігі және қазақ мәдени орталықтарының мәліметтері бойынша Ресей Федерациясында шамамен бір миллион этникалық қазақтар тұрып жатыр.
Ресей қазақтарының кіші құрылтайы қазақ мәдени орталықтарының қызмет етіп жүрген көшбасшыларына, басшылардың аға ұрпағының орнын басатын, қазақтар арасынан жас қоғам қайраткерлерін тәрбиелеудің қажеттілігін айқындап берді.
по материалам: mks.gov.kz