20 қазан, 2015. Астана. 24 қазанда биік өнерді сүйер қауымға II "Жібек Жолы» халықаралық фестивалі аясында бағаланған ұлттық опералық спектакльдердің ізімен, «Астана Опера» театрының Үлкен залында Ғ. А. Жұбанованың «Қарагөз» ұлттық балеті ұсынылады.
Басты кейіпкерлердің бейнесін сомдайтын талантты биші-әртістер: Әнел Рүстемова (сырға толыҚарагөз), Арман Оразов (жас ақын Сырым), ДосжанТабылды (Нарша, Қарагөздің күйеу жігіті), Гауһар Усина (Қарагөздің әжесі).
СпектакльдіЕуропалық балет академиясының профессоры, балетмейстерлердің халықаралық конкурстарының лауреатыВакильОсманов(Австрия) қойған. Қоюшы дирижер- ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Абзал Мұхитдинов, дирижері - Арман Оразғалиев.
Спектакльдің музыкалық кеңесшілері -композитордың қызы, ҚР Еңбек сіңірген мәдениет қызметкері Дина Мәмбетова және концертмейстер-кеңесші, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Нұрлан Ізмайылов көптеген бағалы ұсыныстарын білдірді.
Өнертану ғылымдарының докторы, П. Чайковский ат. Мәскеу консерваториясының профессоры Елена Долинская өзінің «Қазақ балетінің салтанатты жетістігі" атты мақаласында балеттік труппаның жұмысына лайықты бағасын берді. Автор А. Мұхитдиновтің редакциясындағы «Қарагөз» балетінің оркестрлік партиясына ерекше көңіл бөледі. «Онда Скрипкалық концерттің мәтіні (Қаламқас Жұмабаеваның тамаша орындауындағы) керемет үйлескен, Ішекті квартет тамаша орындалды (Бағдат Әбілханов, Гауһар Нүсіпбаева, Жанар жәнеҚұрбанжан Ахатовтар), «Арал шындығы» ораториясының реквиеміндегі сопраноның солосы балетті сыршылдығымен жандандырды», — деп атап өтті Елена Долинская.
Балеттің сюжетіежелден келе жатқан балеттік қақтығыстарға: махаббат пен адалдыққа, бақытты һәм өлімді алдын ала сезінуге келіп тіреледі.Бас кейіпкер әжесі -Мөржанбәйбішенің талабы бойынша өзіне ғашық бай, білімді және көрікті Наршаға тұрмысқа шығуы керек, алайда сұлу қыздың нәзік жүрегі Сырым деп соғады. Атадан келе жатқан дәстүрге қарсы тұру және махаббатқа қол жеткізу әрекеті бәрі үшін қайғылы аяқталады: Қарагөз есінен адасады да, көз жұмады, адал жары Нарша оны өлімге қимайды, Сырымның рухы түсіп кеткен, Мөржан бәйбіше де кейін өкініп қалады…
по материалам: mks.gov.kz