Қазақ ұлттық өнер университетінде Ресей Халық әртісі, Н. Римский-Корсаков атындағы Санкт-Петербургмемлекеттік консерваториясының профессоры Сергей Ролдугинмен кездесу өтті. ҚазҰӨУ ректоры, Қазақстан Халық әртісі Айман Мұсахаджаева ғылыми кеңес шешімімен Сергей Павлович Ролдугинге Қазақ ұлттық өнер университетінің құрметті докторы атағы берілгендігін хабарлады.
ҚазҰӨУ студенттерінің басым көпшілігі үшін ірі өнер қайраткерімен кездесу кәсіби жолдарының табалдырығында өте маңызды және қызықты оқиғаға айналғандығы анық.
Әлемге танымал виолончелист сегіз жасынан бастап аспапта ойнау өнерін игеріп, Ленинград консерваториясы мен аспирантурасын бітірген. Марииндік театрдың виолончель тобының солист-концертмейстері, 2004 жылдан бастап Мариинканың шақырылған дирижері 2006 жылдан оның бастамасымен құрылған Санкт-Петербург Музыка үйінің көркемдік жетекшісі қызметін атқарып келеді. Сергей Павлович бүгінгі таңда аталмыш Музыка үйі орналасқан ұлы князь Александр Александрович Романовтың сарайын қалпына келтіру жұмыстарына бастау салған болатын.
Жас әріптестерімен кездесу барысында Сергей Ролдугин көңілді сұхбат құра отырып, тәжірибесімен бөлісті. С. Ролдугин студенттер назарын олардың болашақ мамандықтарының маңыздылығына аударды.
«Өнер жоғары моральдық қасиеттерді дәріптеп, жоғары рухани талғамды қалыптастыралы. Классикалық музыка жойылса, өзгелері де болмайды», — деп пікірімен бөлісті ол.
Болашақ музыканттар және кездесуге қтысушылардың барлығы үшін виолончелист ойынын тыңдау ерекше сый болды. Сергей Павлович тамаша шеберлік сағатын да өткізді.
«Астананы әлемнің ең сәулетті қаласы деп білуші едім, бірақ мұндай білікті мамандары, керемет ректоры және оқытушылары бар мұндай оқу орнында оқып жүрген сіздер, бақыттысыздар», -деді өнер иесі.
по материалам: mks.gov.kz