Құқық қорғау органдары және басқа да әскери мекемелер қызметкерлері «Тіл –тұтастық кепілі» республикалық байқауына қатысады

19.10.2015 10:20 1664

 

19 қазан, 2015. Астана. Ертең Мәдениет және спорт министрлігі ҚР Бас прокуратурасымен бірлесе отырып, құқық қорғау органдары және басқа да әскери мекемелер қызметкерлерінің арасында «Тіл -тұтастық кепілі" республикалық байқауын өткізеді.

Байқаудың мақсаты құқық қорғау, арнайы және басқа да мемлекеттік органдар қызметкерлерінің арасында мемлекеттік тілдің мәртебесі мен маңызын кеңінен насихаттау болып табылады.

Байқау: таныстыру, бейнеролик, патриоттық әндер және «Қазақ хандығының 550 жылдығына» арналған сахналандырылған көрініс кезеңдерінен тұрады.

Байқауға ҚР Жоғарғы Соты, ҚР Бас прокуратурасы, ҚР Мемлекеттік күзет қызметі, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі, ҚР Қорғаныс министрлігінің командалары қатысады.

Зиялы қауым, Президент Әкімшілігі өкілдері және Парламент мәжілісінің депутаттарынан тұратын қазылар алқасының шешімімен жеңімпаздар анықталып, дипломдармен, алғысхаттармен, сыйлықтармен марапатталатын болады.

по материалам: mks.gov.kz