19 қазан, 2015. Астана. Бүгін Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің кеңейтілген отырысында Ресей Федерациясы Госдуманың мәдениет бойынша комитет төрағасының орынбасары Иосиф Кобзон Қазақстанды әлемнің рухани астанасы деп атады.
«Осынау күрделі кезеңде бірнеше жыл бойы біз Қазақстанды әлемнің рухани астанасы деп атаймыз, өйткені бұл жерде Президенттің бастауымен рухани келісімге үнемі зор көңіл бөлінеді. Қазақстан түсінігіндегі толеранттылық - достықтың анықтамасы болып қана қоймай, келісім, барлық азаматтардың іс-әрекеті үшін жауапкершілікті білдіреді. Қазақстанға келген кезде халықтың өзіне деген бұзылмас сенімін үнемі сезінуге бақыттымын, өйткені сіздің елде ұлтаралық шиеленістер мен конфронтация түсінігі жоқ", — деді И. Кобзон.
Ол саясат пен экономикада ғана емес, мәдениетте де жемісті Қазақстан мен Ресей арасындағы серпінді дамып отырған достық қарым-қатынастарға көңіл аударды.
Танымал әртіс бүгінгі таңда көптеген мемлекеттер рухани келісімді қажет ететіндігін қоса айтты.
«Қазақстан Президенті мен оның тапсырмаларын жүзеге асырып жатқандардың барлығына алғысым шексіз. Шынымды айтсам, мен Ресей Қазақстан халқынан үлгі алуын қалаймын. Ұлттарымыз көп, аумағымыз кең, дегенмен, өкінішке орай, Ресей Федерациясының көпұлтты халқы бір-бірімен әрдайым ортақ тіл таба бермейді. Алайда бізде Рухани мәдениет форумы жоқ", — деп қосты И. Кобзон.
по материалам: mks.gov.kz