Туризм саласындағы жас мамандар «Дебюттер достастығы» Халықаралық жүлдесімен марапатталды

22.10.2015 09:48 1676

 

 

22 қазан, 2015. Астана. Бүгін ТМД қатысушы-мемлекеттердің Шығармашылық және ғылыми зиялы қауымының Х Форумы аясында «Дебюттер достастығы» Халықаралық жүлдесімен салтанатты марапаттау рәсімі өткізілді. Биыл бұл құрметті наградамен туризм саласындағы жас мамандар марапатталды.

Биыл туризм саласындағы зор жетістіктері үшін құрметті жүлдемен марапатталуға Тәуелсіз мемлекеттер достастығының барлық елдерінен 14 үміткердің өтініші келіп түсті. Алайда халықаралық жүлдеге Олжас Шыңтаев (Қазақстан), Шафсия Таирбекова (Әзірбайжан), Диана Зардарян (Армения), Сергей Вороник (Беларусь), Кундуз Бейшеева (Қырғызстан), Александра Малафий (Ресей), Киёмиддин Саидов (Тәжікстан) — жеті үміткердің қолы жетті.

Олардың әрқайсысы жастығына қарамастан, өз елдерінің туризм саласын дамытуға зор үлес қосты. Әрқайсысы Отанының болашағы үшін, оның гүлденуі үшін жаңа жетістіктерге ұмтылады. Олар — келешекте Достастық халықтарының арасында берік достық пен тығыз қарым-қатынасты жүзеге асыруға жауапты жас маман-саңлақтар тобы.

Биылғы жүлде лауреаттарының бірі қазақстандық Олжас Шынтаев — Шымкенттегі Халықаралық туристтік форумды және «Южный ветер» бардтық әндер фестивалінің ұйымдастырушысы. Туристтік қозғалысты ілгерілеті жолындағы жоғары жетістіктері үшін туризм саласының Үздігі атағымен марапатталған. Қазіргі уақытта Miras Travel туристік компаниясының директоры, Оңтүстік-Қазақстан облысының туризмді дамыту Орталығының жетекшісі қызметін атқарады.

Еске салып кетсек, «Дебюттер достастығы» халықаралық премиясы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы елдердің гуманитарлық ынтымақтастық Кеңесі және Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің Мемлекетаралық гуманитарлық ынтымақтастық қорының бастамасымен 2008 жылы құрылған. Жыл сайын премияны гуманитарлы бағыттар бойынша құрылтайшылар анықтайды және жас мамандарға (35 жасқа дейін) беріледі. 2015 жылы премияны туризм саласының мамандарына табысталды.

 по материалам: mks.gov.kz