ТМД қатысушы-мемлекеттердің шығармашылық және ғылыми зиялы қауымының мерейтойлық Форумы Астанада өтуде

22.10.2015 09:50 1527

 

22 қазан, 2015. Астана. Бүгін ТМД қатысушы-мемлекеттердің шығармашылық және ғылыми зиялы қауымының Х Форумының жұмысы ашылды. Достастық мемлекеттерінің 200-ден астам өкілі Қазақстан Елордасында гуманитарлық қауымдастықтың ең өзекті мәселелерін талқылау үшін бас қосты.

Қазақстан, Армения, Әзірбайжан және Ресей президенттері форум қатысушыларына арнап құттықтау хат жолдады. Елбасы Н. Назарбаевтың жолдауын Қазақстан Республикасы Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова оқыды.

«Құрметті Форум қатысушылары! Сіздерді ТМД қатысушы-мемлекеттердің шығармашылық және ғылыми зиялы қауымының мерейтойлық Форумы жұмысының басталуымен құттықтады. Биылғы Форум ортақ құндылықтарды ілгерілету және мәдениеттер сұхбатына арналған. Сұхбат, ақпарат алмасу, рухани құндылықтармен танысу түрлі мәдениеттер мен халықтардың жақындасуы және өзара әрекеттесуінің маңызды шарты болып табылады», — делінген ҚР Президентінің хатында.

Сонымен қатар Елбасы сұхбат арқылы халықтардың жақындасуы және ортақ гуманитарлық жобаларды одан әрі жүзеге асыру Тәуелсіз мемлекеттер достастығына қатысушы мемлекеттерінің міндеті екендігіне тоқталып кетті.

Еске салып кетсек, Тәуелсіз мемлекеттер достастығына қатысушы-мемлекеттердің шығармашылық және ғылыми зиялы қауымының Х мерейтойлық Форумы Қазақстанның ТМД-дағы төрағалығының аяқталуы аясындағы қорытынды іс-шарасы болды.

по материалам: mks.gov.kz