Астана. 22 қазан, 2015. Бүгін ТМД-ға қатысушы елдердің шығармашылық және ғылыми зиялы қауым өкілдерінің Х Форум жұмысы басталды. Достастық елдерінен 200-ден астам өкілі гуманитарлы ынтымақтастықтың ең өзекті тақырыптарын талқылауға Қазақстан Астанасында жиналды.
Мерейтойлы Форумға қатысушыларға Қазақстан, Ресей, Әзірбайжан және Армения президенттері құттықтау сөздерін арнады. Елбасы Н. Назарбаевтың құттықтау сөзін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіхалықова оқып берді.
«Құрметті Форумға қатысушылар! ТМД-ға қатысушы елдердің шығармашылық және ғылыми зиялы қауым өкілдері Х Форумы жұмысының басталуымен Сіздерді құттықтаймын. Биылғы форум ортақ құндылықтар мен мәдениеттер диалогын дамытуға арналған. Диалог, ақпараттар алмасу, рухани құндылықтармен танысу және түрлі мәдениеттер мен халықтар арасындағы жақындасу және өзара іс-қимыл үшін маңызды шарт болып табылады», - делінген ҚР Президентінің хатында.
Сондай-ақ Елбасы Достастыққа қатысушы елдердің міндеті болып халықтарды жақындастыру және диалогтар арқылы бірлескен гуманитарлық жобаларды жүзеге асыру екендігін атап өтті.
Х Форумның негізгі тақырыбы – «Достастықтың гуманитарлық кеңістігі: ортақ құндылықтар мен мәдениеттер диалогы» негізінде қазіргі заманғы шындық пен басым бағыттағы нысандарды анықтау және форумның жұмыстарын талқылау болды. Делегаттар ТМД-дағы 2016 ж. жарияланған Білім беру жылына қарсы тақырыбы аясында бірлесіп дайындалуға ерекше көңіл бөлді.
Пленарлық отырыс аясында «Дебюттер достастығы» премиясын салатантты түрде марапаттау рәсімі өтті. ҚР мәдениет және спорт Министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы, ГЫМҚ Басқармасының тең төрағасы, Ресей Федерациясы Президентінің халықаралық мәдени қатынастар бойынша арнайы өкілі Михаил Швыдкой, Ресей Федерациясындағы Әзірбайжан Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі, ГЫМҚ Басқармасының Төрағасы Полад Бюльбюльоғлы халықаралық жастар конкурсының жеңімпаздарын марапаттады.
Бұл жылы премияның иегерлері болып туризм саласының өкілдері болды: Шафсия БахадургызыТаирбекова (Баку қ, Әзірбайжан Республикасы), Диана Зардарян (Ереван қ, Армения Республикасы), Сергей Вороник (Гродно қ, Беларусь Республикасы), Олжас Шынтаев (Шымкент қ, Қазақстан Республикасы), КундузБейшеева (Бішкек қ, Қырғыз Республикасы), Александра Малафий (Тула қ, Ресей Федерациясы), Киёмиддин Саидов (Душанбе қ, Тәжікстан Республикасы).
ТМД-ға қатысушы елдердің шығармашылық және ғылыми зиялы қауым өкілдерінің Х мерейтойлы Форумы ТМД-ға Қазақстанның төрағалық етуінің аяқталуының қорытынды іс-шарасы болып табылатынын еске сала кетейік.
Форумды ҚР мәдениет және спорт Министрлігі, ТМД-ға қатысушы елдердің гуманитарлы ынтымақтастық Мемлекетаралық қоры (ГЫМҚ), Қазақ ғылыми-зерттеу мәдениет институты ұйымдастырды.
Мерейтойлы Х Форум жұмысына өздерінің өкілдерін отандық және шетелдік БАҚ жіберді.