Алматыда пианиношылардың VII халықаралық байқауы ашылды

02.11.2015 09:52 1569

  

2 қараша, 2015. Алматы. Кеше Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясында пианиношыларVII халықаралық байқауының салтанатты ашылу рәсімі өтті.

Байқау Алматы қаласының әкімдігі, «Самұрық-Қазына» мен Тұңғыш Президент қорларының қолдауымен Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ҚР Мәдениет және спорт министрлігімен бірлесіп ұйымдастыруымен өтуде.

Пианиношылардың жетінші халықаралық байқауына Қазақстан, Белорусь, Грузия, Оңтүстік Корея, Өзбекстан және Ресейдің жас музыканттары бақ сынап жатыр.

ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Мәдениет және өнер істері департаментінің директоры Ақтоты Райымқұлова министр Арыстанбек Мұхамедиұлының қатысушыларға арналған құттықтау сөзін оқыды.

«Құрметті байқауға қатысушылары мен қонақтары, сіздерді Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі және өз атымнан пианиношылардың VII халықаралық байқауының ашылуымен құттықтаймын. Елбасының ұдайы қолдауының арқасында ел мәдени өмірі әлемдік және ұлттық өнер дәстүрлерін сабақтастыра отырып, серпінді дамып жатыр. Алматыда өтіп жатқан пианиношылардың VII халықаралық байқауы қазақстандық мәдениеттің дамуына айтарлықтай үлес қосып, көрермендер мен кәсіпқойлардың сүйіспеншілігі мен құрметіне ие. Ол мемлекет пен одан тыс жерлерде кеңінен танымал. Құрамына әлемнің түрлі елдерінен жиналған көрнекті музыканттар енген өкілдік қазылар алқасы де байқаудың жоғары деңгейінің дәлелі. Пианиношылардың VII халықаралық байқауы еліміз бен барша әлемнің музыка өмірінде маңызды оқиғасына айналады деген үміттемін. Барлықтарыңызға жарқын әсерлер мен сенімді жеңістер тілеймін», — делінген ҚР Мәдениет және спорт министрі А. Мұхамедиұлының құттықтау хатында.

Қазыар алқасының құрамына Қазақстан Халық әртісі, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры Жәния Әубәкірова, Ресей Халық әртісі, П. И. Чайковский атындағы Мәскеу мемлекеттік консерваториясының профессоры Михаил Воскресенский, Варшавадағы Шопен атындағы оныншы халықаралық пианиношылар байқауының бірініші жүлдесінің иегері Данг Тхай Шон (Вьетнам), халықаралық байқаулардың лауреаты Юрий Маргулис (АҚШ), Сеулдегі Ұлттық университеттің профессоры Хюнг-Джун Чанг (Оңтүстік Корея), халықаралық байқаулардың лауреаты Максим Могилевский (Ресей-АҚШ).

Концерт қарауға қалаушылар байқаудың www.pianocompetition.kz ресми сайтында тамашалай алады.