4 қараша, 2015. Астана. «Астана Опера» театрының суретші бутафорлары шетелге оқуға барады. Тәжірибе жинау үшін елордалық театрдың шығармашылық мамандары Санкт-Петерборға (Ресей) аттанады.
«Астана Опера» шетелге оқуға тек жетекші солисттерді ғана емес, сонымен қатар стажерлар мен өндіріс цехының мамандарын іссапармен жібереді.Суретші бутафорлар Райхан Қоқиланова мен Дәурен Омаров ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің әкімшілік етуімен, Республикалық бюджеттік бағдарлама шеңберінде біліктілікті арттыру курсынан өтеді. «Костюмдік бутафория және костюмдік аксессуарлар"деген тақырыппен өтетін курсты олар Ресейлік өнер тарихы институтында, ағымдағы жылдың 5 мен 10 қарашасы аралығында меңгереді.
— Цехымыздың шеберлері - өте жоғары деңгейлі мамандар, барлығының жоғары білімі бар, олар өздерін «Бақшасарай бұрқағы», «Абай», «Қарагөз» сияқты күрделі спектакльдерде керемет көрсете білді. Әр қойылым жаңа мақсат жүктейді, олардың әрқайсысының өз нақышы, пішіні, бояуы бар. Біздің сала серпінді дамиды, түрлі жаңалықтар шығып жатады. Біз өз біліктілігімізді үнемі жетілдіріп отырамыз. Жыл сайын бізге жаңа материалдар келіп түседі, солармен жұмыс жасауды, оларды кәсіпте қолдануды үйренеміз, — дейді бутафорлық бұйымдарды дайындау және қызмет көрсету цехының меңгерушісі Райхан Қоқиланова.
Ойын жалғастырған жетекші өздеріне басқа театрлардың қалай жұмыс жасайтынын, материалдарды қалай пайдаланатынын, қандай технология қолданатынын білу өте маңызды екенін, сондай-ақ тәжірибе алмасудың қажеттілігін жеткізді.
Бутафорлар оқуға енді барса, халықаралық конкурстардың лауреаты, жарқыраған сопрано Елена Низамутдиноваелге оралды. Қазан айының 15 мен 25 жұлдызы аралығында ол НаеЛеонард атындағы Галацтық музыкалық театрдың директоры, доктор Теодор Ниттің шақыруымен Дж. Вердидің «Сарай ақыны» операсын орындаудан шеберлік сабағын өтті.
Елордалық театр мамандарының біліктілігін арттыру жұмысын былтырдан бері жүргізіп келе жатқанын айта кетейік. Өткен жылдың күзінде «Астана Опера» жетекші солисттері Жұпар Ғабдуллина мен Дина Хамзина, сондай-ақ суретші-гримдеушілер Валентина Яковенко менӘзина Омарова «Ла Скала» театры академиясының жетекші ұстаздарының бірнеше оқу курсынан өткен.
— Театр үшін бірініші кезекте — көрермен назарына ұсынылатын қойылымдардың жоғары сапалы болуы. Біз сахнада жоғары класты, асқан көркем спектакль қою үшін театрдың өнер ұжымының кәсіби деңгейін көтеру және тереңдету мүмкіндіктерін іздейміз және табамыз, жәнебұл өткен жылы бастау алған маңызды бағыт. Біз театр өнері саласындағы заманауи жұмыс әдістерін, жаңа жетістіктерді пайдаланамыз. Мақсатымыз, театрдың шығармашылық қызметкерлерінің шеберлігін үнемі шыңдап отыру, — деп түйіндеді театрдың директоры Төлеубек Әлпиев.
по материалам: mks.gov.kz