9 қараша, 2015. Кеше елордалық Конгресс-холлда мерекелік гала-концерт барысында дәстүрлі 18-ші «Шабыт» шығармашыл жастар фестивалінің қорытындылары шығарылды.
«Шабыт» дәстүрлі түрде әр жыл сайын өзгеріп отыратын бірнеше аталымдарды жариялайды. Биылғы жылы қазылар алқасы конкурсқа қатысушыларды «Халық музыкасы», «Классикалық музыка», «Цирк өнері", «Бейнелеу өнері" және «Спорттық бал билері" аталымдары бойынша бағалады.
Биылғы жылы ҚР Президентінің Кубогы мен фестивальдің гран-приі үшін Қазақстанның, Ресейдің, Өзбекстанның, Қырғызстанның, Қытайдың, Польшаның және басқа да елдердің әртүрлі аймақтарынан 388 өнерпаз сайысқа түсті. Қаланың үздік концерт алаңдарында бес күн бойы конкурсанттар белгілі әртістер мен музыканттардан құралған қазылар алқасы алдында өз дарындарын ортаға салды.
Фестивальдің басты марапаты — Қазақстан Республикасы Президентінің Кубогын скрипкашы Мақсат Жүсіпов жеңіп алды. «Цирк өнері" аталымында гран-приге Серік Борашев басқарған Алматыдағы «ҚазМемЦирк», «Спорттық бал билері" аталымында Роман Зотодов пен Анна Позднякова (Красноярск, Ресей) ие болды. «Классикалық музыка» аталымының жеңімпаздары: фортепиано — Рабиға Дүйсембеаева, альт, виолончель, контрабас — Павел Романенко, скрипка — Мақсат Жүсіпов, академиялық ән салу — Шахризада Тыныштық. «Бейнелеу өнері" аталымында: — мүсін — Данияр Сарбасов, сәндік-қолданбалы өнер — Алтынбек Есенғазиев. «Халықтық музыка» аталымында: домбыра — Сәкен Бекжанов, домбырамен ән салу — Жақсыкелді Маясаров.
по материалам: mks.gov.kz