Астана Опера: Ханзада болып туылмайды, ханзада болып қалыптасады

06.11.2015 09:40 1878

 

«Астана Опера» театрының сұңғақ бойлы, сымбатты әрі жас балет солисті Еркін Рахматоллаев П. Чайковскийдің «Ұйқыдағы ару» балетінде ханзада Дезиренің партиясын тұңғыш орындайды. Балет өнерініңнағыз жауһар туындысын көпшілік қауым 11 қараша күні әлемдік хореография шебері Юрий Григоровичтің редакциясында тамашалай алады.

Бұл Еркін Рахматоллаевтың репертуарындағы алғашқы ақсүйек кейіпкер емес. Ол «Аққу көлінен» Зигфрид, «Бақшасарай бұрқағы» балетінен Вацлавтың бейнелерін табысты орындап, елордалық театрдың балет ханзадалары тізіміне қосылды.

Еркін Рахматоллаев:"Бұл партиялар сипатталу жағынан бір-біріне ұқсас: дене қозғалысы, өзін сахнада ұстау және қол мен аяқ қимылы. Жағымды кейіпкердің көңіл-күйін білдіру жолы ортақ, ал стиль жағынан өзгешеліктер болуы мүмкін. Мысалы, «Ұйқыдағы ару» балетіндегі Дезире партиясында жоғары деңгейлі демеу кездеспейді,-дейді.

Аврора ханшайым партиясын — Әйгерім Бекетаева, Мамыргүл перісін — Әнел Рүстемова, зұлым перісі Карабосты — Бауыржан Мекембаев, Көк құсты- Бауыржан Боранбаев, Флоринаны — Назерке Аймұхаметова сомдайды.

Көрнекті костюмдер мен декорацияларды италиялық шеберлер қойылымдакөрсетілгенғасырлар стильдерінесай жасаған. Әлемнің үздік сценографыЭцио Фриджерио және «Оскар» сыйлығының иегері Франка Скуарчапино сахнада нағыз ертегі жасай алды. Олар көп зат қолданбастан,молшылыққа қол жеткізді. Жарық түсіру жүйесіне италиялық маман Виничио Кели жауапты болды.

П. Чайковский жазған «Ұйқыдағы ару» балетінің оқиға негізінде — Шарль Перроның аттас ертегісі жатыр. Алайда заманымыздың атақты балетмейстері Юрий Григорович балет қойылымына жаңа көзбен қарап, осыған дейінгі балалар ертегісі немесе ойын-сауыққа толыкөрініс орнына Чайковскийдің музыкасына сай келетін көркем поэма ретінде ұсынды.

по материалам: mks.gov.kz