«Мәдениет» ардагерлерді операға шақырды

06.11.2015 09:30 1752

 

Ұлы Отан соғысының ардагерлері Қадам Бекенов пен Иван Ботев «Астана Опера» театрында өткен опера концертінің құрметті қонақтары болды. Акико Хаякаваның бұлбұлдай сопраносы және көрнекті дирижер Коичи Иноуэның шеберлігін тамашалауға ардагерлерді «Нұр Отан» партиясы «Бірлік» Астана қалалық филиалы «Мәдениет» бастауыш партия ұйымы шақырды.

Ұлы Жеңіс батырларының театрға сапары партияның «Ардагерлерді ардақтайық" жобасы аясында ұйымдастырылды.

«Партияға ардагерлерге үнемі көрсететін құрметі мен сыйластығына алғысымды білдіремін. Мен «Астана Опера» театрында алғаш рет болдым. Жапон әртіс қызының, дирижерінің өнерін тамашаладық, қазақстандық жігіттердің өнері де ұнады. Үйге күліп, ойнап, керемет көңіл күймен оралдық. «Мәдениет» ұйымының өкілдері бізге көрсеткен құрметі мен сыйластығына ризамын, театрға және үйге дейін өздері жеткізіп, керемет қарсы алды», — деп ризашылығымен бөлісті Қадам Бекенұлы.

Сонымен қатар барлық қазақстандықтарға зор денсаулық пен бейбіт өмір тілеп, туған жерінің ертеңі үшін істеп жатқан қызметтері алға баса берсін деген тілектестігін білдірді.

Кеш туралы естелік ретінде ардагерлерге бастауыш партия ұйымы мүшелерінің атынан естелік сыйлықтар табыс етілді.

Еске салып кетсек, «Нұр Отан» партиясының «Ардагерлерді ардақтайық" жобасына Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70-жылдыға қарсаңында бастау салынды. Ол Ұрпақтардың үнқатысуы мен сабақтастығын қамтамасыз ету, қоғамда ауызбіршілікті, патриотизмді, салт-дәстүрлер мен қарттарға құрметті нығайтуға бағытталған. «Мәдениет» бастауыш партия ұйымы қоғамның әлеуметтік әлсіз топтарына атаулы қолдау көрсету жұмысын жалғастырады.

 по материалам: mks.gov.kz