Ғылыми кеңестің алғашқы отырысы өтті

07.11.2013 15:29 2780

Биылғы қарашада Қазақ ғылыми-зерттеу мәдениет институтының Ғылыми кеңесінің алғашқы отырысы өтті. Кеңес отырысында Ғылыми кеңес мүшелері бекітіліп,  алдағы жұмыс жоспары талқыланды. Ғылыми кеңес құрамына мыналар кірді:

Мақсат Тәж-Мұрат, ҚазМҒЗИ Бас директоры, Ғылыми кеңес төрағасы, филология ғылымдарының кандидаты; Райхан Ерғалиева,  М.Әуезов атындағы әдебиет және өнер институтының Бейнелеу өнері бөлімінің меңгерушісі, өнертану ғылымдарының докторы; Владимир Филатов, «Тенгри-Умай» қоғамдық қорының президенті; Оразалы Ақжарқын-Сәрсенбек,Алматы қалалық Мәдениет басқармасы Мемлекеттік қуыршақ театрының директоры; Әмір Жадайбаев, Ә.Қастеев атындағы МӨМ  Қазақстанның бейнелеу өнерін зерттеу ғылыми орталығының жетекшісі,  өнертану ғылымдарының кандидаты;  Ғарифолла Әнес, «Арыс» қорының президенті, А.Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институтының аға ғылыми қызметкері, филология ғылымдарының докторы;  Бақтияр Аманжол, Құрманғазы атындағы ҰК доценті (Композиция кафедрасы), өнертану ғылымдарының кандидаты;  Альмира Наурызбаева, Абылайхан атындағы ҚазХҚжӘТУ, Әлем мәдениеті және өркениет кафедрасының және Құрманғазы атындағы ҰК Гуманитарлық тәртіп кафедрасының профессоры, философия ғылымдарының докторы; Гүлнар Жұмасейітова, М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты директорының ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары, өнертану ғылымдарының кандидаты; Сәуле Өтеғалиева, Құрманғазы атындағы ҰК профессоры, өнертану ғылымдарының кандидаты; Бақыт Қайырбеков,  «Мәдениет» телеарнасының директоры, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, «Құрмет» орденінің иегері, Еуразия Телеарна және радио академиясының академигі, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері; Дмитрий Сушков, Т.Жүргенов атындағы ҚазҰӨА «Хореография» факультетінің деканы, доцент, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері; Диляра Шарипова, М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты Бейнелеу өнері бөлімінің аға ғылыми қызметкері, өнертану ғылымдарының кандидаты; Раушан Жұманиязова, музыкатанушы, «Classic» радиосының директоры, Құрманғазы атындағы ҰК доценті, өнертану ғылымдарының кандидаты МВА (master  of  business administration);  Зәуре Аюпова, заңгер, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Халықаралық құқық кафедрасының профессоры, заң ғылымдарының докторы; Дина Досболова, өнертанушы,  Халықаралық ақпараттандыру академиясының мүше-корреспонденті, доцент,  философия ғылымдарының кандидаты; Жұмағыз Шалғынбай, ҚазҒЗМИ Нормативті құқықтық көмек және құжаттама бөлімінің жетекшісі, филология ғылымдарының кандидаты; Ғалия Файзуллина, мұражайтанушы, ҚазҒЗМИ Инновациялық зертхана жетекшісі, тарих ғылымдарының кандидаты. Ғылыми кеңес хатшысы Сахинұр Даутова болды.

ҚазҒЗ мәдениет институтының басдиректоры Мақсат Тәж-Мұрат Институттың негізгі жұмыстары мен алға қойған жоспарлары  туралы егжей-тегжейлі баяндап, Ғылыми кеңес мүшелеріне Институттың алдағы жылдарға арналған тұжырымдама-жоспарын, cultural.kz сайтын және «ARTеФАКТ» журналын таныстырып өтті. Сонымен бірге Кеңеске қатысып отырған ғалымдар болашақта журнал мен сайттың белсенді авторлары болады деген сенім білдірді.

Ғылыми кеңестің қызметтік атқарымдары ретінде сараптамалық пікірлер беріп отыру; ғылыми еңбектерді баспаға ұсыну; жылдық ғылыми есептерді талқылау; ғылыми бөлімшелерге қатысты ішкі ережелерді бекіту; ғылыми байланыстарды жолға қою және т.б. міндеттер белгіленді.

Бұдан кейін “Мәдениет институтының ғылыми еңбектері” сериясымен шығатын монографиялар басып шығаруға ұсынылды.

Кеңес барысынд сондай-ақ, Ғылыми кеңестің келесі кездесуінің уақыты және өту жиілігі шешілді.

Ғылыми кеңес мүшелері өзара пікір алмасып, Қазақстандағы мәдениет дамуының жалпы ахуалына шолу жасады. Еліміздің мәдениет саласын дамытуда Институт атқаруға тиісті жұмыстардың тізбегі де айқындалды.