14 қараша, 2015. Алматы. Кеше «Қоғамда радикалды діни ағымдардың идеяларының таралу проблемалары: қарсы тұру және шешу жолдары» аттыдөңгелек үстел өтті. Іс-шараны ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Дін істері комитеті, ҚР Президентінің жанындағы Қазақстан стратегиялықзерттеулер институты және «Қазақстан дінтанушыларының конгресі" ҚБ бірлесе отырып ұйымдастырды.
Дөңгелек үстел жұмысына мемлекеттік органдардың, ғылыми-сарапшылар қауымдастығының, үкіметтік емес ұйымдар мен діни бірлестіктердің өкілдері қатысты.
Іс-шара барысында діни радикализм мәселелері және оның алдын алу мәселелері талқыланды.
Дін істері комитетінің төрағасы Ғалым Шойкин қазіргі күнде өз қатарларына әртүрлі елдердің азаматтарын қосуға бағытталған халықаралық террористік ұйымдардың деструктивті іс-әрекетініңбелсенділігінің артып отырғанын атап өтті. Бұл зорлық-зомбылықты басшылыққа алатын экстремизмнің алдын-алу бойынша бұрын даярланған әдістердің біршама әсіздігін көрсетеді және осы тұрғыдан мемлекет жұмысын жетілдіруді, сонымен қатар осы мәселені шешуде қоғамның белсенді араласуын талап етеді.
Іс-шарада ҚР Президентінің жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының директоры Ерлан Карин, «Альтернатива» зерттеу орталығының директоры Андрей Чеботарев, Шығыстану институтының бас ғылыми қызметкері Заур Джалилов, Қазақстан дінтанушылар конгресінің төрағасы Айдар Абуов, Халықаралық Түрік академиясының қызметкері Тимур Козырев, «Стратегия» зерттеу орталығының Президенті Гүлмира Ілеуова, Мәдени даму институтының директоры Ерлан Саиров, Философия, саясаттану және дінтану институтының бас ғылыми қызметкерлері Елена Бурова, Анатолий Косиченко, «Бiлiм» оқыту-мәдени орталығының директоры Руслан Иржанов сөз сөйледі. Олар қоғамда және интернет желісіндегі радикализм идеяларын таралу, жастардың террористік ұйымдардың қатарына қосылу, сонымен қатар осы жаһандық құбылыстардың алдын алудағы мемлекеттік органдар мен сарапшылар қауымдастығының өзара іс-әрекеттерін күшейту мәселелерін жан-жақты талқылап, пікір алмасты.
Дөңгелек үстелге қатысушылар мемлекеттік институттар мен ғылыми-сарапшылар қауымдастығы қоғамда радикалды діни ағымдардың идеяларының таралуының алдын алу жұмыстарының барлық қырлары бойынша әрдайым тәжірибие алмасып отыру қажет деген тұжырымға келді.
по материалам: mks.gov.kz