18 қараша, 2015. Жуырда Ресей мемлекеттік кітапханасында «Түркі Ел ден Қазақ хандығына» деп аталған халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы ашылды.
Конференцияны Ресейдегі Қазақстан Елшілігі жәрдемімен М. В. Ломоносов атындағы Мәскеу Мемлекеттік Университетінің Азия және Африка елдері институты (бұдан әрі - ААЕИ) және Ресей мемлекеттік кітапханасының Шығыс әдебиетінің орталығы бірлесіп ұйымдастырды.
Форумда Ресейдің, Қазақстанның, Әзербайжанның, Қытайдың, Түркияның, Өзбекстанның және Қырғызстанның көптеген тарихшылары, филологтары және шығыстанушылары бірге жиналды. Конференцияға тарих, лингвистика, саясаттану және экономика саласындағы 140-тан астам ғалымдар өз ғылыми сұхбаттарын арнайы жазып жіберді. Конференция шеңберінде ғалымдар руна жазбаларын зерттеуден бастап, XXI ғасырда еуразиялық сәйкестілігін айқындау тақырыбына дейін, көне арабтардың Орталық Азия өңірі туралы географиялық түсініктемелерінен, Жаңа Жібек жолының қалыптастыру проблемаларына дейін түрлі мәселелерді көтерді.
Конференцияны бастау сөзінде М. В. Ломоносов атындағы ММУ ААЕИ президенті Михаил Мейер қазіргі тарихи және жазба деректерге суйене отырып, Қазақ хандығының тарихы бес ғасырмен шектелмейтінін және одан да көне замандарда қалыптаса бастағанын нақты айтуға болады деді. «Бұл конференцияның тақырыбы «Түркі Ел ден Қазақ хандығына» деп аталғаны да сондықтан», — ерекше айтып өтті М. Мейер.
Форумға қатысқан Ресейдегі Қазақстан Елшілігінің кеңесші-уәкілі Марат Сыздықов Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың мынадай сөздерін келтіріп айтты: «Қазақ хандығы мемлекет одағы ретінде қазақ халқының қалыптасуына үлкен үлес қосты. Бүгінгі таңда Қазақстан мемлекеттілігінің бұрыңғы дәстүрлерін қайта тірілтіп қоймай, алдағы XXI ғасырдың түсініктемелеріне сай жаңа мемлекеттіліктің нысанын құруға ұмтылуда. Бұл бағытта мемлекеттілігіміздің бай тарихи тәжірибесіне сүйенуіміз қажет. Жарқын болашақты армандай отырып, өткен абыройлы уақытты ұмытпау тиіспіз».
Сонымен қатар шара барысында Тарихи материалдарды зерттеу бойынша республикалық ақпарат орталығының директоры Меруерт Абусеитова, ААЕИ түркі филология кафедрасының меңгерушісі, профессор Дмитрий Насилов, Ресей ғылымдар академиясының Археолоия институтының жетекші ғылыми қызметкері, профессор Игорь Кызласов, РҒА Шығыстану институтының бас ғылыми қызметкері Дмитрий Тимохин, РФ президенті жанындағы Ресей халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясының халықаралық ынтымақтастық кафедрасының меңгерушісі, профессор Семед Семедов, Көкшетау университетінің профессоры Қадыржан Әбуев, Батыс-Қазақстан тарих және археология орталығының (Орал қаласы) директоры, тарих ғылымының докторы Мұрат Садықов, Нинсян университеті Шет тілдер институтының шығыс тілдер және әдебиет кафедра меңгерушісі, қытай ғалымы Чжао Сяоцзя, РФ Президенті жанындағы Халық шаруашылық және мемлекеттік қызмет Ресей академиясының профессоры Вячеслав Михайлов, т. б. баяндама жасады.
Соңғы көшпенді империяның тарихи тәжірибесі, XVIII ғасырдағы халықаралық қатынастар жүйесіндегі Қазақ хандығы, оның Осман сұлтандармен қарым-қатынасы, қазақ мемлекттіктің құрылуында шешуші көп этникалық аспектісі, еуразиялық бірлік және ғаламдану жағдайында этностық-ұлттық ұқсастықтың мәселесі, бүгінгі геосаяси үдерістер мәнінде қазақстан-ресей қарым-қатынастар сияқты және тағы басқа өзекті тақырыптар конференция қатысушылардың бас назарын алды.
Сөз сөйлеушілер, Қазақ хандығы терең тарихи тамырларымен Қазақстан аумағында әр түрлі заманда өмір сүрген көшпенді және отырықшы қоғамдардың барлық даму жодарына дайын болғанын және этникалық аумақты, ұлттық сана-сезімді және Қазақстан мемлекеттікті біртіндеп қалыптастырғанын пікірсайыс барысында ерекше айтып кетті.
Қазақстанның қанық және бай тарихын зерттеу үшін бірлескен күш салысу қажеттілігіне ғалымдар пікір бөлісіп және ілгері ғылыми зерттеулер үшін көп ойлар айтылды.
по материалам: mks.gov.kz