17 қараша, 2015. Астана. «100 нақты қадам» Ұлт жоспары және «Болашағы біртұтас ұлт» институционалды реформасының стратегиялық міндеттерін жүзеге асыру мақсатында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мәдениет және тарихи-мәдени мұра мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңы қабылданды. Заңнамаларға енгізілетін мәдениет саласындағы өзгертулер туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында хабарланды.
ҚР Мәдениет және спорт министрінің орынбасары Ғ. Ахмедьяров хабарлағандай, құқықтық, экономикалық, әлеуметтік және ұйымдастырушылық негіздерді анықтау және ел мәдениетін жаңғырту, сақтау, дамыту, тарату және қолдану саласындағы мемлекеттік саясат, ең алдымен, заңнамалық базаның кешендік сарапталуы мен жетілдірілуін қамтамасыз етуді талап етеді.
Заңның мақсаты тарихи-мәдени мұра, цирк және театралдық өнер, мұражай және кітапхана ісі, сонымен қатар архив ісі бойынша қолданыстағы заңнаманы жетілдіру болып табылады.
Сонымен қатар Заң нормалары Қазақстан Республикасының мәдени саясаты тұжырымдамасында көрсетілген саланың институционалды жаңғыруы, басқарушылық шешімдерді үйлестіру, заманаум мәдени кластерлерді құру, салалық көркемдік кеңестерге байланысты мақсаттарын жүзеге асыруға бағытталған.
Жаңа Заң нормалары материалды емес мәдени мұраларды қорғауға және Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 21 желтоқсанындағы Заңымен ратификацияланған Материалды емес мәдени мұраны қорғау туралы Конвенциясы негізінде БҰҰ-да толыққанды қызмет етуіне септігін тигізетіндігі сөз етілді.
Мәдениет саласындағы заңнаманы жетілдіру заңнаманың түсініктемелік қатарын, бірқатар нормативтік-құқықтық актілерді жасақтау мен бекіту бойынша өкілді органның құзыреттерін кеңейту, сонымен қатар заңдарды мәдениет саласындағы қызметті реттейтін тиісті нормалармен толықтыруды көздейді.
Сондай-ақ, заң тарихи-мәдени мұра мәселелерін, соның ішінде Қазақстан Республикасы аумағында жаңа ғимараттар мен монументтерді орнату, мемлекеттік меншік болып табылатын тарихи-мәдени мұра объектілеріне қатысты республикалық және жергілікті атқарушы органдардың құзыретін ажырату мәселелеріне де бағытталған.
Заң жобасын жасақтау барысында мәдениет және тарихи-мәдени мұра саласындағы мәселелерді нормативтік реттеу бойынша халықаралық, соның ішінде ТМД елдерінің тәжірибесі қолданылды.
Брифингке ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Ғалым Ахмедьяров, ҚР МСМ Мәдениет және өнер істері департаментінің орынбасары Күміс Сейітова, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, Астана циркінің бас директоры Ерік Жолжақсынов қатысты.
по материалам: mks.gov.kz