20 қараша, 2015. Астана. Бүгін ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Дін істері комитетінің ұйымдастыруымен «Жастар арасындағы экстремизмнің алдын алудың өзекті мәселелері" тақырыбында республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция болып өтті.
Іс-шарағаҚазақстан Республикасы Парламент Мәжілісінің депутаттары, ҚР Президенті Әкімшілігінің, облыс әкімдіктерінің, құқық қорғау органдарының, ҚР Білім және ғылым министрлігінің және жастар ұйымдарының өкілдері, дінтанушы-ғалымдар, теологтар мен БАҚ өкілдері қатысты.
Конференция мақсаты — діни экстремизм қаупіне жастардың назарын аудару және оның Қазақстанда таралуына қарсы тосқауыл қою жолдарын пысықтау.
Конференцияда белсенді және рухани толыққан жастардың үйлесімді дамуын қалыптастыруға бағытталған қолайлы жағдайлар орнатуға және оларды тәрбиелеуге назар аудару қажеттілігі туралы айтылды.
Осы ретте, жастарды жат идеологиялық ықпалдан қорғауға бағытталған алдын алу жұмыстарына мемлекетпен қатар қоғамның барлық салауатты күштерін тартудың маңыздылығына ерекше назар аударылды.
Конференция қатысушылары діннің қоғам өміріндегі рөлінің арта түсуімен туындап отырған әлеуметтік өзгерістер үдерісіндегі жастардың орны мен рөлін анықтаумен байланысты мәселелерді жан-жақты талқыланып, діни экстремизмнің таралуына қарсы тұру мен тойтарыс беруде өскелең ұрпақтың азаматтық ұстанымын белсендету бойынша нақты ұсыныстар әзірленді.
Конференция қорытындысы бойынша іс-шараға қатысушылардың Үндеуі қабылданды.
по материалам: mks.gov.kz