Қазақстан этнос өкілдері өнерін туған еліне арнайды

01.01.1970 06:00 1293

 

20 қараша, 2015. Астана. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Қазақстан халқы Ассамблеясы жылы аясында Бейбітшілік және келісім сарайында қазақ ұлттық өнерін жетік меңгерген этностық топтар өкілдерінің «Өнеріміз саған, Қазақстан!» Республикалық фестивалін өткізеді.

Іс-шараның мақсаты — қазақ халқының өнері мен мәдениетін Қазақстанда тұратын этностық топтар арасында жан-жақты насихаттау және дамыту, Қазақстанда тұратын этностар арасында қазақ халқының дәстүрлі өнерін жетік меңгерген талант иелерін анықтау, Қазақстан халқының бірлігін, достығын және патриотизмін нығайту болып табылады.

Өткізіліп отырған бұл фестивальге қатысуға Қазақстанның барлық өңірлерінен өтінім білдірген талапкерлердің арасынан (16 мен 45 жас аралығындағы) ең үздіктері іріктеніп алынды. Гала-концертте таңдаулы деген өнерпаздар ән, би, күй өнері бойынша өз өнерлерін көрсетеді.

Сонымен қатар, іс-шараға әртүрлі халықаралық, республикалық конкурстар мен фестивалдардың жеңімпаздары және Қазақстан өнер жұлдыздары қатысады.

по материалам: mks.gov.kz