2013 жылы 22-23 қарашада Алматы қаласында Қазақ ғылыми-зерттеу мәдениет институтының ұйымдастыруымен «Қазақстанның тарихи топонимикасы тарихи-географиялық дереккөз ретінде» тақырыбында республикалық ғылыми-тәжірибелік семинар өтеді.
Семинар барысында топонимиканың қазақ халқының өткенін (орналасу шекарасы, тілдің таралу аймағы, мәдени экономикалық орталықтардың, сауда жолдарының географиясы, т.б.) қалпына келтірудегі рөлі, тіл тарихын зерттеудегі маңызы, байырғы жер-су атауларының қазіргі қолданыстағы транскрипциясы, есімдер, атаулар мен аталымдарға арналған лингвистикалық зерттеулерді дамытудағы ономастиканың рөлі және ұмыт болған жер-су атауларын қалпына келтірудің маңызы сияқты мәселелер талқыланады.
Сонымен бірге семинар аясында ҚазҒЗМ институтының www.cultural.kz сайтының және "ARTeФАКТ" ғылыми-әдістемелік журналының қанатқақты (пилоттық) санының таныстырылымы өтеді.
Семинар мен таныстырылымға Қазақстанның барлық аймақтарынан тарихи топонимика тақырыбын зерттеп жүрген ғалымдар мен БАҚ өкілдері қатысады.
Өтетін орны: Алматы қаласы, Елебеков көшесі, 10-16 (әл-Фараби мен Достық даңғылдарының қиылысы), «PARASAT» қонақ үйінің мәслихат-залы.
Басталуы: 22 қараша, сағат 09.30
Байланыс телефондары:
8 (727) 291 46 54;
8 (727) 291 95 40;
+7 707 110 34 65;
+7 707 829 20 45;
+7 777 896 66 68
Алдын ала тіркеуден өту үшін көрсетілген телефондарға хабарласуларыңызды сұраймыз.