Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті күні: Ұлтты музейде «Елін танытқан – Елбасы» фотокөрмесі ашылды

25.11.2015 09:37 1790

 

25 қараша, 2015. Астана. Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінде 1 желтоқсан — Тұңғыш Президент күніне арналған «Елін танытқан — Елбасы» атты фотокөрме ашылды. 

Аталмыш көрме тәуелсіздіктің алғашқы күндерінен бүгінге дейін еліміздің тұрақты дамуына негіз болып келе жатқан Мемлекет басшысының саясаты мен идеясының айналасына қоғамды топтастырғандығының айғағы.

Көрмеде Ұлт көшбасшысының өмірбаяны мен шығармашылық жолы, ҚР Президенті Н. Назарбаевтың көпұлтты, көпконфессиялы, тәуелсіз, демократиялық Қазақстанның қалыптасуы мен тұтастығын сақтаудағы рөлі, Қазақстанның сыртқы, ішкі саясаттағы жетістіктері сонымен қатар Мемлекет басшысының басқаруымен республикамыздың сан-салалы, көпқырлы дамуы көрсетілді. 

«Біз жуырда ғана Қазақ хандығы құрылуының 550 жылдығын атап өттік. 550 жыл ішінде бізді талай басшылар басқарды. Сіздер білесіздер, хандық билік мұрагерлік арқылы жалғасып келді. Ал Кеңестер одағы тұсында бізді басқарушылар Мәскеу арқылы шешіліп отырды. Ал біз тарихта бірінші рет 1991 жылғы 1 желтоқсанда Қазақстанның тұңғыш президентін сайладық. Халық өз президентін аңсап келгені соншалық, 98 пайыз дауыс берді. Біздің Тәуелсіздік тарихымыз осы 1 желтоқсанда Тұңғыш Президентті сайлаудан басталады», — деді жиында қоғам қайраткері Ғарифолла Есім.

 

по материалам: mks.gov.kz