26 қараша, 2015. Астана. Ертең Қазақстан Респубикасы Тұңғыш Президентінің Музейінде «Тарихи таңдау. Өрлеу» тақырыптық қор көрмесінің ашылуы өтеді. Көрме Қазақстан Респубикасы Тұңғыш Президенті Күніне арналған Музейдің «Тарихи таңдау» ғылыми-экспозициялық жобасының жалғасы болып табылады.
Жобаның әрбір кезекті көрмесі бастау нүктесін 1991 жылғы 1 желтоқсаннан ала отырып, Қазақстан халқы жасаған тарихи таңдаудың тарихи салдарлары мен нәтижелерін көрсетеді. Қазіргі көрменің мазмұны әлемдік саясат шыңдарына «Өрлеу» болып отыр. Көрменің басты мақсаты — мұрағат материалдарының негізінде Тәуелсіз Қазақстанның сыртқы әлеммен тату көршілік және ынтымақтастыққа бағытталған алғашқы қадамдарын жүйелі түрде ашып көрсету.
Көрменің хронологиялық шеңбері - ең драматикалық, тарихи салдарларын болжау мүмкін емес — 1991-2000 жылдар. 1991 жылы қоғамдастықтың толыққанды мүшесі болған Қазақстан Республикасы қысқа мерзім аралығында, аса күрделі халықаралық жағдайда өзінің сыртқы саясатын қалыптастыруы тиіс болды.
Нақты осы жылдары Қазақстанның бүкіл халық таңдап сайлаған Тұңғыш Президентіне ғана тән геостратегиялық көрегенділік қабілеті өзінің бар күші және нанымдылығымен бүкіл әлемдік қоғамдастыққа мәлім және танымалдыққа ие болды.
Ішкі саясатта ол кез Мемлекет басшысы нарықтық қатынастар пайдасына дұрыс таңдау жасаған дағдарысқа қарсы нақты шаралар кезеңі болатын. Ішкі нарықты тұрақтандыру және нарықтық экономиканы құру үшін сыртқы қаржы ресурстары түсімінсіз мәселе шешілмейтіні түсінікті еді. Н.Ә. Назарбаев халықаралық экономика жүйесінің конструктивтік және өзара тиімді субъектілерімен қарым-қатынас орнату бағытын қолға алды.
Ядролық қарудан бас тарту және де ең бастысы, Қазақстан халқына қарсы шын мәніндегі жылдар бойғы геноцидті тоқтатқан біздің жерімізде ядролық сынақтар өткізуге тыйым салу — бұл бағыттың негізі болды. Сондықтан да негізгі экспозицияда барлық деректемелік-көркемдік қатарда Семей ядролық полигонын жабу туралы тарихи Жарлыққа арналған материалдар орналастырылуы кездейсоқтық емес.
Тақырыптық көрме шеңберінде тұңғыш рет экспозицияда Мемлекет басшысына осы — 1998 — 2000 жылдар аралығында тапсырылған 8 жоғарғы мемлекеттік наградалар ұсынылып отыр. Олар 300-ден астам сақтау бірліктері бар музей коллекциясының тек бір бөлігі ғана.
Бірегей мұрағаттық материалдар — Президенттің кездесулерге арналған тезистері мен қолжазбалары, сондай-ақ суреттермен, сол кездегі газеттермен толықтырылған мемлекет басшылары және халықаралық ұйымдар жетекшілерімен жеке хат алмасуы — осының бәрін көрме экспозициясынан көруге, парақтауға, оқуға болады.
«Тарихи таңдау. Өрлеу» көрмесі Н.Ә. Назарбаевтың мазмұны жағынан әлемдік қоғамдастық тарапынан оң бағаға ие болған және бүкіл әлем үшін елеулі нәтижелер әкелген алғашқы сыртқы саяси бастамаларымен танысу мүмкіндігін береді.
по материалам: mks.gov.kz