2015 жылдың 27 қарашасында Қазақстан Республикасы Бірінші Президенті Күніне орай Қазақстан Республикасы Ұлттық академиялық кітапханасының қабырғасында «ОҚЫРМАН ҚАУЫМ – ҰЛЫ ДАЛА ЕЛІНІҢ БОЛАШАҒЫ» атты Халықаралық Оқу Конгресінде Қазақ ғылыми-зерттеу мәдениет институтының бас ғылыми қызметкері, филология ғылымдарының докторы, белгілі түркітанушы және қыпшақтанушы ғалым Александр Николаевич Гаркавецтің ежелгі мәтіндерді талдау негізіндегі құман (ескі қыпшақ) тілі ескерткіші саналатын «Codex Cumanicus» кітабының аудармасының тұсаукесері өтті.
Кітаптың тұсаукесеріне белгілі тарихшы және филолог ғалымдар мен жас мамандар қатысты. Секция жұмыстары шығармашылық ахуалда өтті. Жиналғандар А.Н. Гаркавецті үлкен ықыласпен тыңдады. Талқылау барысында А.Н. Гаркавец қатысушылардың тарапынан қойылған көптеген сұрақтарға жауап берді.