Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Күні: Оқырман қауым – Ұлы Дала елінің болашағы

27.11.2015 10:44 1748

  

27 қараша, 2015. Астана. ҚР Ұлттық академиялық кітапханада Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Күніне арналған «Оқырман қауым — Ұлы Дала елінің болашағы» тақырыбында Халықаралық Оқу Конгресінің ашылуы өтті.

Конгресс «100 нақты қадам: баршаға арналған қазіргі заманғы мемлекет» Ұлттық жоспары бойынша институционалды реформаларды жүзеге асыру аясында Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен Қазақ ғылыми-зерттеу мәдениет институтымен бірлесіп ұйымдастырылған.

Конгресс ЮНЕСКО-ның, Халықаралық Кітапханалық Ассоциациялар мен мекемелер федерациясының (ИФЛА) және Еуразия кітапханашылары ассоциациясының (ЕКА) қолдауымен өтуде.

Конгресске Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы, Финляндияның Қазақстандағы Елшісі Илкка Райсанен, Қытай Халық Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, жазушы Акбар Мәжитұлы, Белоруссия, Египет және Украина елшіліктерінің өкілдері, шығармашылық, ғылыми зиялық қауым өкілдері, көрнекті әлемдік және қазақстандық қоғам және саясат қайраткерлері, меценаттар, мәдениеттанушылар, баспагерлер, журналистер, оқытушылар, мемлекеттік мекемелердің жетекшілері мен жауапты қызметкерлері, кітапханашылар мен оқырмандар шақырылды.

Конгресстің болашақ буынның шығармашылық және әлеуметтік белсенділігін арттыру, ұлттың интеллектуалдық әлеуетін көтеру құралы, мәдениеттің маңызды элементі ретіндегі оқуға жан-жақты қолдау көрсету, ұлттың интеллектуалдық және рухани деңгейін көтеруге қажетті құрал іспетті оқуға халықты тартуға бағытталған.

Шара қатысушылары мен қонақтарына арналған құттықтау сөзінде мәдениет және спорт министрі Қазақстанда халықтың жан-жақты дамуы, азаматтардық зияткерлік деңгейінің жоғарылауы, көпэтносты халықтың бірлігі мен достығын ұлттық мәдениет пен тарихты жылжыту арқылы күшейтуге зор көңіл бөлінетіндігін тілге тиек етті.

«Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті күні қарсаңында Халықаралық оқу конгресін өткізу заңды деп ойлаймын. Өйткені бұл мереке жалпыұлттық мейрам болып табылады, ал Елбасымыз алдымызға Қазақстан азаматтарының білім деңгейін көтеру міндеттерін үнемі қойып отырады. Жыл сайын кітапханаға келушілердің, оның ішінде жасөспірімдер мен жастардың саны артып отыратындығы өте қуанышты», — деді ведомства басшысы.

Ашылу салтанаты аясында мәдениет пен ғылымға ерекше үлес қосқан ғалым, жазушы, қоғам қайраткерлерін «Қазақ хандығына 550-жыл» мерейтойлық медалімен марапаттау рәсімі өтті. Құрметті награда жазушы Әбіш Кекілбаев, депутат, аудармашы Ақбар Мәжітұлы, академик, профессор Қазбек Қазкенов, ақын, аудармашы Нұрлан Қалыбеков және т. б. табысталды.

Түстен кейін шара ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік қызмет академиясындағы алқа отырысымен жалғасын табады.

по материалам: mks.gov.kz