Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінде ҚР Тұңғыш Президенті күніне орай салтанатты жиын өтті

30.11.2015 09:04 1575

 

30 қараша, 2015. Астана. Бүгін ҚР Мәдениет және спорт министрлігінде Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті күніне орай салтанатты жиын өтті. Жиын күн тәртібіне Елбасының «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» жаңа Жолдауын талқылау да енді.

1991 жылғы 1 желтоқсан — ел өміріндегі тарихи меже болып табылады. Бұл күні қазақстандықтар өз президентін алғаш рет тікелей сайлау арқылы сайлауға мүмкіндік алды. Жиын қатысушылары айтып кеткендей, бұл тарихи күннен не бары жиырма жылдан астам уақыт өтсе де, Қазақстан бұл уақыт ішінде түбегейлі өзгерді.

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің қызметкерлері Президенттің Қазақстан халқына жаңа Жолдауын ерекше құлшыныспен қарсы алды. Талқылау кезінде әлемдегі тұрақсыз жағдай салдарынан туындап жатқан қиыншылықтарды тек батыл шешімдер мен ел барлық азаматтарының тиімді қызметі арқылы ғана жеңіп шығуға болады.

Ведомстваның мемлекеттік қызметшілері мемлекеттің дамуы мен өркендеуінде басты құрал қоғамның бірлігі мен татулығы екендігі туралы Президенттің пікірін бірауыздан құптады. «Нұрлы Жол» инфрақұрылымдық дамудың мемлекеттік бағдарламасы, 5 институционалды реформаны жүзеге асыру бойынша «100 нақты қадам» Ұлт жоспары, сондай-ақ өзге де маңызды стратегиялық құжаттар сенімді болашағымызды құруда жалпықазақстандық басты құрамдас бөлікке айналуға тиіс.

Отанының өркендеуі жолына барлық күші мен білімдерін арнау, Конституция және ел заңдарының баптарын қатаң қадағалау, Қазақстан халқына адал еңбек ету, мемлекетінің болашағы үшін аянбай қызмет етуге дайындықтың дәлелі ретінде мемлекеттік қызметке алғаш рет жуырда кірген ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қызметкерлері Қазақстан Республикасы әкімшілік қызметкерлерінің антын қабылдады.

Сонымен қатар салтанатты жиын аясында «Нұр Отан» партиясының бағдарламалық құжаттары мен жобаларын іске асыруға белсене қатысқаны үшін ведомстваның бірқатар қызметшілері алғыс хаттармен марапатталды.

по материалам: mks.gov.kz