Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті күні: Астанада қазақ киносының күндері өтуде

02.12.2015 09:46 1575

 

2 желтоқсан, 2015. Астана. 1 және 3 желтоқсан аралығында Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті күні аясында Қазақ киносының күндері өтуде. Шараны Ш. Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ, Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті және Қазақ ұлттық өнер университеті ұйымдастырды.

Кино күндері 1 желтоқсан күні «XIX ғасырдағы 20-40 жылдарындағы Қазақстан» кітабы үшін Қазақстан және Орталық Азияда тарих ғылымдарының докторы атағының тұңғыш иегері, Отанының нағыз патриоты Ермұхан Бекмаханов туралы «Аманат" көркем-тарихи фильмінің көрсетілімімен басталды.

Фильмнің режиссері мен сценарий авторы — Қазақстанның еңбегі сінген қайраткері, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік жүлдесінің лауреаты, «Платиновый Тарлан» Тәуелсіз жүлдесінің лауреаты Сатыбалды Нарымбетов («Дон Кихот моего детства» (1978 ж.), «Жизнеописание юного аккордеониста» (1994 ж.), «Молитва Лейлы» (2002 г.), «Мұстафа Шоқай» (2008 ж.).

Шараға режиссер Сатыбалды Нарымбетов, актерлер Берік Айтжанов, Азиз Бейшеналиев, Азат Нұртаев, оператор Ескендір Нарымбетов, сонымен қатар отандық мемлекет, қоғам және мәдениет қайраткерлері қатысты.

Іс-шаралар аясында «Қазақфильм» АҚ өндірісінің «Құнанбай» (реж. Досхан Жолжақсынов), «Оралу» (реж. Рашид Сүлейменов), «Дешті-қыпшақ" (режиссер Б. Қайырбеков), «Таңбалы тас» (режиссер О. Тастанов) кинотуындылары көрсетіледі. Барлық фильмедрді қоюшы режиссерлер мен шығармашылық топтар өкілдері таныстырады.

Көрсетілімдер Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің кинотеатрында (Жұмабаев көш., 14/1) және Қазақ ұлттық өнер университетінің Жамбыл атындағы залында өтеді. Кіру тегін.

 

Көрсетілім мерзімі:

Күні

Уақыты

Фильм атауы

«Kinopark 7 IMAX 3D» (Достык көш., 9, «Керуен» СО)

1 желтоқсан (сейсенбі)

17.30

«Аманат», режиссері Сатыбалды Нарымбетов

Казахский Национальный Университет искусств

2 желтоқсан (сәрсенбі)

11:00

«Құнанбай», режиссері Досхан Жолжақсынов

13:00

«Дешті -қыпшак», режиссері Бақыт Қайырбеков 

3 желтоқсан (бейсенбі) 

11:00

«Оралу», режиссері Рашид Сүлейменов

13:00

«Таңбалы тас», режиссері Оңдасын Тастанов

Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

2 желтоқсан (сәрсенбі)

15:00

Құнанбай», режиссері Досхан Жолжақсынов

17:00

«Дешті -қыпшак», режиссері Бақыт Қайырбеков 

3 желтоқсан (бейсенбі) 

15:00

«Оралу», режиссері Рашид Сүлейменов

17:00

«Таңбалы тас», режиссері Оңдасын Тастанов

по материалам: mks.gov.kz