15 желтоқсанда Тәуелсіздік Күні қарсаңында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Жарлығымен халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға, елдің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына қосқан елеулі үлестері және қоғамдық қызметі үшін Қазақстан Республикасының бірқатар азаматтары мемлекеттік наградалармен марапатталды. Марапатталғандардың арасында – мәдениет, білім, денсаулық сақтау, мемлекеттік қызметкерлер, бизнес саласының өкілдері, әскери қызметкерлер, спортшылар мен соғыс және еңбек ардагерлері болды.
Бұл күні Қазақстан Республикасының тәуелсіздігін нығайтуда және қоғамды дамыту үшін үлес қосып, халықтың сүйіспеншілігіне бөленген азаматтарды бүкіл ел құрметтейтіні анық. Елбасының Жарлығы бойынша «Құрмет» орденімен Қазақ ғылыми- зерттеу мәдениет институтының бас ғылыми қызметкері Александр Гаркавец марапатталды.
Сонымен қатар, «Ерен еңбегі үшін» медалімен Қазақ ғылыми- зерттеу мәдениет институтының аға ғылыми қызметкері Ольга Батурина марапатталды. Бұл наградалар — мәдениет, өнер, тарих салалары бойынша көп жылдар бойы ерінбей еңбек етіп, елдің дамуына елеулі үлес қосқан азаматтардың жемісі