А. Мұхамедиұлы: Қазақстан музейлері ғылыми мекемелердің, университеттердің, мұрағаттардың, кітапханалардың өзара ынтымақтастығының тірек орталығына айналуы тиіс

21.12.2015 09:24 1780

 

21 декабря, 2015. Астана. — Қазақстанның музейлері ғылыми мекемелердің, университеттердің, мұрағаттардың, кітапханалардың өзара әрекеттестігі мен ынтымақтастығының тірек орталығына айналуы тиіс, — деді ҚР Мәдениет және спорт министрі А. Мұхамедиұлы Қазақстан Республикасы Президентінің «Өсім, реформалар, даму» атты Жолдауын талқылауға арналған ведомстваның кеңейтілген алқа жиынында.

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің келе жатқан жаңа жылдағы қызметінің перспективалары туралы сөзінде Арыстанбек Мұхамедиұлы отандық музейлер жұмысын жаңғырту қажеттігіне аса тоқталып кетті. Музей қызметінің басты бағыты ғылыми зерттеу саласында жүргізілуі тиіс. Ол тарих, археология, реставрация, өнертану, мәдени-білімдік іс-шаралар, кәдесый индустриясы, сервис және т. б. бағыттар бойынша қалыптасатын болады.

«Саланың туристік әлеуетін дамыту мақсатында «Есік», «Ежелгі Тараз», «Берел» қорық-музейлерінің аумағында интернет-кафесі, оқу және көрме залдары, кәдесый павильондары бар Визит-Орталықтар құрылған және олар келушілер арасында үлкен табысқа ие», — деді ведомства басшысы.

Сондай-ақ министр халықаралық ынтымақтастықты жандандыру аясында Министрлік шетелдік ғалымдармен тығыз әрі үздіксіз байланыс жасап жатқандығын да айтып кетті. Оның пайымдауынша, Берел қорғаны, «Тамғалы» археологиялық ландшафтың петроглифтары және тағы да басқа Қазақстанның бірқатар белгілі археологиялық ескерткіштерін сақтау және зерттеу бойынша бірлескен жобаларға қатысуға норвегиялық және неміс ғалымдары қызығушылық танытуда.

«Бұндай халықаралық ынтымақтастық қазақстандағы ғылыми-зерттеу жобаларға шетелдік инвестициялар тартуға мүмкіндік береді", - деп есептейді А. Мұхамедиұлы.  

по материалам: mks.gov.kz