Қазақстан Республикасы Президент Өкімімен мәдениет саласында мемлекеттік стипендиялар табысталды

25.12.2015 10:49 1728

 

 25 желтоқсан, 2015. Астана. Қазақстан Республикасы Президенті Н. Назарбаевтың Өкімімен мәдениет саласында мемлекеттік стипендиялар табысталды. Әдебиет және өнер саласының елу қайраткері мемлекеттік стипендияның лауреаты атанды.

Стипендия алғандардың қатарында жазушылар Қастек Баянбай, Смағұл Елубаев, Табыл Құлиясов, ақындар Ертай Ашықбаев, Нұртас Исабаев, Ақсұңқар Ақынбаба, Күляш Ахметова, Надежда Лушникова, Любовь Шашкова, актерлер Берік Айтжанов, Гүлжан Әспетова, Шахарбанум Есенғұлова, композитор Елена Әбдақылықова, әнші Сара Тыныштығұлова, т. б.

Сонымен қатар стипендиаттардың қатарында Қазақстан мәдениеті, өнері және әдебиетіне елеулі үлес қосқан дарынды жастардың өкілдері де бар. Нақтыласақ, олардың ішінде — актер Санжар Мәдиев, дирижер Қанат Омаров, хореограф Авахри Мукарам, актрисалар Әсел Мақажанова, Анастасия Воронцова.

Стипендия лауреаттарының толық тізімін мына жерден табуға болады: http://www.akorda.kz/kz/legal_acts/2015-zhyly-medeniet-salasynda-memlekettik-stipendiyalar-beru-turaly