25 желтоқсан, 2015. Астана. Бүгін Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы Қазақстан Апостолдық Нунций Мигель Маури Буендиамен кездесті. Тараптар мемлекеттік-конфессионалдық қатынастардың өзекті мәселелерін, конфессияаралық келісім мен ынтымақтастықтың қазақстандық моделін нығайту мәселелерін талқылады.
Кездесу барысында Министрліктің басшылығы қоғамдағы бейбітшілік пен келісімді нығайтуға, мемлекеттік пен діни бірлестіктер арасындағы тиімді сұхбатты дамытуға Ватиканның қосқан үлесінің маңыздылығын атап өтті.
«Ватикан дін және өркениеттердің тұрақты қатысушысы болып табылады. Ватикан делегациялары барлық бес әлемдік және дәстүрлі діндер съездеріне қатысты. Бүгін Ватикан маңызды әлеуметтік мәселелерді шешуде Қазақстанның сенімді әріптесі болып табылады», - деді А. Мұхамедиұлы.
Өз кезегінде, Апостол Нунций Мигель Маури Буендиа оның Қазақстандағы дипломатиялық миссиясының аяқталуы туралы баяндады.
«Қазақстандағы Ватикан өкілдігі сіз басқарып отырған Министрлікке кіретін Дін істері комитетімен тығыз байланыс орнатуға ұмтылады. Ескертіп кету керек, өз қоғамында этносаралық және конфессияаралық келісім мен бейбітшілікті нығайта алған санаулы мемлекеттердің бірі», - деп пікірімен бөлісті Апостол Нунцийі.
Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы Апостолдық Нунций Мигель Маури Буендиаға Қазақстан қоғамындағы бейбітшілік пен конфессияаралық келісімді нығайту ісіне қосқан үлкен үлесі үшін алғыс білдірді. Сонымен қатар Нунцийге қазақстандық ведомства басшысы алғыс хат тапсырды.
по материалам: mks.gov.kz