Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрі А. Мұхамедиұлының келе жатқан Жаңа жылмен құттықтауы

31.12.2015 10:24 1543

 

Поздравление

министра культуры и спорта РК

А. Мухамедиулы

с наступающим Новым 2016  годом

Құрметті достар!

Баршаңызды келе жатқан Жаңа 2016 жылыңызбен шын жүректен құттықтаймын!

Аяқталуға бет бұрған жыл саясат, мәдениет және спорт саласындағы ұмытылмас және жарқын оқиғаларға толы болды.

Бірігіп, біз бүкіл әлемге Қазақстанды барлық азаматтары Отанын мақтан тұтып, бірлік пен келісімде өмір сүріп жатқан тату отбасы ретінде көрсете білдік. Бірауыздан Н. Ә. Назарбаевты Қазақстан Президенті ретінде сайлап, еліміздің татулық, тұрақты даму және жарқын болашағына деген ұмтылысымызды дәлелдей алдық.

2015 жылы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70-жылдығы, Қазақстан Республикасы Конституциясының және Қазақстан Халқы Ассамблеясының 20-жылдығы, Қазақ хандығының 550-жылдығы секілді маңызды мерейтойлық шаралар аясында өтті. Бұл айрықша оқиғалардың әрқайсысы Қазақстан халқы бірлігі мен достығын күшейтуде ерекше орын алып, мемлекетіміздің көпғасырлық тарихы мен қазақстандық мәдениеттің көптүрлілігін айқындайды.

Қазақстанның мәдени өмірі бұл жылы мазмұнды да жарқын болды. Әртіс, музыкант, орындаушыларымыз шеберліктерін көрсетіп, жырынды шетел көрермендерінің алдында таңғалдырарлық өнер көрсетті.

Еліміздің тарихында алғаш рет ашық аспан астында Дж. Вердидің «Аида» операсының тұсаукесері өтті. Бейбітшілік және келісім сарайының алдындағы алаң, Пирамида ғимаратының өзі әлем классикасының ең жойқын туындыларының бірі үшін тірі декорацияға айналды. Бұл ерекше жобаны ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Астана қаласының тұрғындары мен қонақтарына Елорда күні қарсаңында сыйлады.

«Барыс» атты Астананың су жаңа мұз кешенінде өткен «Мәңгілік ел» театралдық қойылымы Қазақ Хандығының 550-жылдығын тойлаудың бірегей қорытынды шарасына айналды. Қойылымды 4000-ға жуық қазақстандықтармен қатар Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаев, Әзәрбайжан Президенті И. Әлиев, Қырғызстан Республикасының Преиденті А. Атамбаев, Түркия Ұлы жиынының Төрағасы И. Йылмаз тамашалады. Іс-шара шетел мамандарының жоғары бағасына ие болып, отандық және шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарында кеңінен айшықталды.

Жас дарынды орындаушылар да өздерін көрсете білді. Қазақ ұлттық өнер университетінің студенті Димаш Құдайберген Витебсктегі «Славянский базар» Халықаралық фестивальдің гран-при жүйесін жеңіп алды. «Новая волна» Халықаралық ән байқауына еліміздің қатысу тарихында алғаш рет қазақстандық әнші Ademi (Динара Қайырова) жүлделі екінші орынға ие болды. Қазақстанға танымал «Орда» тобы да Turkvision-2015 түркі әлемінің халықаралық байқауында екінші орыннан көрінді.

Спортшыларымыз ірі халықаралық жарыстарда Қазақстан намысын абыроймен қорғап оралды. Әйгілі де аңызға айналған Геннадий Головкин мен Илья Ильин секілді спортшыларымыздың есімдері барша әлемге тағы да жаңғырды. «Астана» велокомандасының мүшесі Фабио Арудың «Вуэльта» көпкүндігіндегі және мәнерлеп сырғанаушы Денис Теннің Хорватиядағы беделді жарыстағы жеңістері қазақстандық спорттың бүкіл жер бетіндегі жанкүйерлерін қуантты.

Сонымен қатар үлкен спорт Қазақстаннан жаңа әлем чемпиондарының есімін ашты, олар – Елдос Сметов пен Александр Зайчиков. Қазақстандықтар «Астана» футбол клубының УЕФА Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне тарихи шығуын да ұзақ уақытқа есте сақтайтын болады.

2016 жыл одан да көп қуанышты хабарларға толы болып, өнер мен спорттың халықаралық алаңдарында Қазақстанның лайықты өкілдері бола алатын жаңа есімдер ашатындығына нық сенімдімін.

Барлығыңызға Жаңа жылда бақыт пен саулық, ашық аспан, ағайындарыңыздың қамқорлығы мен достарыңыздың адалдығын, әр күніңіз қуаныш, шаттық пен жетістіктерге толы болуын тілеймін!

Ізгі ниетпенА. Мұхамедиұлы