Ұлы Дала елінің археологиялық мұрасы...

21.01.2016 10:58 1594

  

21 қаңтар, 2016. Астана. Ертең Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінде «Ұлы Дала елінің археологиялық мұрасы» атты іс-шара өтеді.

Шара шеңберінде  Қазақстан Республикасы Ұлттық музейі «Халық қазынасы» ғылыми-зерттеу институтының 2015 жылы жүргізген археологиялық зерттеулері, жәдігерлерді алғашқы консервациялау және Қазақстанның тарихи-мәдени мұра объектілеріне мониторинг жүргізу салаларында атқарған жұмыстары қорытындыланады.

«Халық қазынасы» ғылыми-зерттеу институтының еліміздің әр өлкесінде, тас дәуірінен ерте мемлекеттік құрылымдарға дейінгі мерзімдік шеңберді қамтитын археологиялық ескерткіштерге жүргізген 2015 жылғы далалық қазба жұмыстары нәтижесінде табылған жәдігерлерден уақытша көрме ұйымдастырылады. Көрме жұмысы 2016 жылдың 5-ші ақпанына дейін жалғасады.

Бұған қоса еліміздің археологиялық мұраларын зерттеу, мониторинг және сараптама жасау сынды өзекті мәселелерге арналған дөңгелек үстел отырысы өтеді. Оған археология саласының айтулы мамандары, Парламент Мәжілісінің депутаттары, Мәдениет және спорт министрлігінің өкілдері және қоғам қайраткерлері қатысады.  

Басқосу барысында археологиялық жәдігерлерді уақытында музейлерге тапсыру дәстүрінің жалғасы ретінде Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институты Астана қаласы филиалының соңғы жылдардағы зерттеулері бойынша табылған жәдігерлерін Қазақстан Республикасы Ұлттық музейіне өткізуі шарасы ұйымдастырылады.  

по материалам: mks.gov.kz