28 қаңтар, 2016. Астана. - Мәдениет саласы экономикалық тиімділікті жоғарылатуға бет бұрып, қаржыландырудың жаңа көздерін дамытуда, - деп хабарлады Премьер-Министрдің орынбасары Д. Назарбаевамен өткен алқа жиынында ҚР Мәдениет және спорт министрі А. Мұхамедиұлы.
Отырыста мәдениет және спорт саласына жоғары білікті кадрларды даярлау, мәдениет ұйымдары және спорт мекемелері қызметінің тиімділігін арттыру, Министрліктің 2015 жылғы жұмысының қорытындылары және 2016 жыл міндеттері қарастырылды. Жиынның күн тәртібіне мәдениет саласының экономикалық тиімділігін арттыру мәселелері де кірді.
«Қызметінің белсенділігін ынталандыру мақсатында музейлер және қорық-мұражайлар ұйымдастыру-құқықтық басқару формасын мемлекеттік мекемелерден мемлекеттік қазыналық кәсіпорын формасына алмастырды. Бұндай өзгеріс тиімділігінің жемісті мысалы былтырғы жылы 104 млн. Теңге табыс тапқан Ұлттық музей болып табылады», - деп хабарлады ведомства басшысы.
Сонымен қатар Арыстанбек Мұхамедиұлы айтып кеткендей, Қазақстан музейлері ғылыми мекемелер, университеттер, архивтер, кітапханалардың өзара әрекеттесу және ынтымақтастықтың тірек орталықтарына айналуы тиіс. Бұл арада халықаралық ынтымақтастық мәселесі де еркеше маңызға ие.
«Халықаралық ынтымақтастықты белсендету мақсатында біз шетелдік ғалымдармен байланыс орнатып жатырмыз. Норвегиялық және неміс ғалымдары Қазақстанның Берел қорғаны, Тамғалы жартасының петроглифтері секілді т.б. археологиялық ескерткіштерді сақтау және зерттеуге өз қызығушылығын білдіруде. Бұндай байланыстар ғылыми-зерттеу жобаларға шетелдік инвестицияларды тартудың керемет мүмкіндігі», - деп түсіндірді министр.
Экономикалық тиімділік мәселесіне орала келе, ол бүгінгі таңда Министрлік мәдениет және спорт саласында мемлекеттік-жеке меншік әріптестікті дамытудың Жол картасын даярлау мәселесін қарастырып жатқандығын хабарлады. Бұл көрсеткіш мемлекеттік органның Стратегиялық жоспарына да енгізілген.
по материалам: mks.gov.kz