Қазақ ғылыми-зерттеу мәдениет институты Астана қ., Тәуелсіздік даңғылы, 54 (ҚР Ұлттық Музейінің» ғимараты), 6 блок, Телефон: 8 7172 919-035 (ішкі.602) Электрондық адрес: kaz.madeniet@gmail.com сайт: www.cultural.kz
|
АСТАНА. 5 ақпан. Бүгін Қазақстан Республикасының Ұлттық музейінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша Қазақ ғылыми-зерттеу мәдениеті түсірген 10 сериялы «Мәңгілік аспан астында» ғылыми-танымдық деректі фильмінің үш сериясының алғашқы көрсетілімі өтті. Бұл бірегей жоба Нұрсұлтан Назарбаевтың «Тарих толқынында» кітабы негізінде Қазақ хандығының 550-жылдығын мерекелеу жылына әзірленді. Сценарийдің авторы және жобаның режиссері деректі фильм түсірудің хас шебері Бақыт Қайырбеков.
Фильм Қазақ хандығының қалыптасу тарихына арналған. Жоба 10 сериядан тұрады. Оның әрбір сериясы қазақ халқының тарихының әр кезеңін баяндайды. Фильмнің әр сериалы өз алдына жеке туынды болып табылады, онда көшпелі халықтардың ежелгі заманнан бергі дүниетанымы жайлы, әлемдік өркениет пен «мәдениеттер байланысы» жетістіктер мен жаңалықтар, жабайы жылқыны қолға үйрету мен алғашқы металлургиялық пештердің пайда болуы, үзеңгі мен оттың және өзге де әлемдік өркениеттің құндылығы болып табылатын ноу-хауларды аша түседі. Фильм Қазақстанның әлемдегі тарихи, геосаяси рөлін айқын және жан-жақты ашып көрсетеді.
Салтанатты ашылуда Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы мен Қазақ ғылыми-зерттеу мәдениет институтының бас директоры Андрей Хазбулатов сөз сөйледі.
Фильмнің көрсетіліміне республиканың көрнекті мемлекет және қоғам қайраткерлері мен шығармашылық интелегенция өкілдері келді. Деректі лентаның көрсетілімі аяқталған соң, мемлекет және қоғам қайраткері, филология ғылымдарының докторы, профессор, Қазақ Ұлттық өнер университетіндегі Қорқыт атындағы ғылыми-зерттеу орталығының директоры Мырзатай Жолдасбеков пен тарих ғылымдарының кандидаты, Қазақ ғылыми-зерттеу мәдениет институтының жетекші ғылыми қызметкері Ирина Ерофеева және Орталық Медиянының негізін салушы, «Вуши Студиос» киностудиясының ортақ иемденушісі қатысуымен Кента Уолуиннің қатысуымен баспасөз конференциясы өтті.
Баспасөз конференциясында деректі лентаның көрсетілімі аяқталған соң, отандық БАҚ өкілдері өзекті сұрақтар қойып, оларға қызықты, ауқымды, егжей-тегжейлі жауаптар алды.
Еске сала кетейік, 2015 жылы АҚШ-та Қазақстан Республикасы Елшілігінің қолдауымен Вашингтон қаласындағы Джордж Вашингтон университетінде және Нью-Йорк қаласындағы Роберт Де Нироның Tribeca киностудиясында екі серияның ағылшын тілінде тұсаукесері өткен болатын. Фильм американдық аудитория арасында үлкен қызығушылыққа ие болып, АҚШ-тағы Қазақстанның мәдени бейнесін арттырған болатын.