21 адам ҚР Тұңғыш Президенті Қорының жүлдесіне ие болды

12.02.2016 20:35 2214

АСТАНА. ҚазАқпарат - Жыл сайынғы дəстүрге сай "Назарбаев Орталығында" ҚР Тұңғыш Президенті Қорының жүлдесіне ие болған азаматтар марапатталды. Биыл жүлде барлығы 21 адамға берілді.

Тұңғыш Президент Қорының жүлдесін алған азаматтар арасында Абай атындағы қазақ мемлекеттік академиялық опера жəне балет  театрының əртісі Əлия Сапуғова, "Астана Опера" театры опера труппасының солисті Сүндет Байғожин, композитор, Қазақстан композиторлар одағының мүшесі Ғалымжан Секеев, Ботаника жəне фитоинтродукция институтының кандидаты Наталья Курбатова, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Техникалық физика кафедрасының доценті Əсет Қайнарбай сынды өнер мен білім, мəдениет салаларында ерекше еңбектерімен көзге түскен азаматтар бар.

Жалпы, конкурсқа республикамыздың түкпір-түкпірінен 100-ден астам  ғылыми жəне шығармашылық жобалар қабылданған екен. Бұл жүлденің мақсаты - өнер-білім, мəдениет саласындағы жас таланттарды ынталандыру.

Естеріңізге  сала кетейік, ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы Қорының жүлдесі 2008 жылдан бері табысталып келеді.

 

 

 

 

по материалам: kazinform.kz