2018 жылдың 18 ақпанында Қазақстан Республикасының Ұлттық музейі ғимаратында Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Қазақ ғылыми-зерттеу мәдениет институты Қазақстан Республикасының Ұлттық музейіне 2015 жылы табылған археологиялық олжалар топтамасын тапсырды.
Іс-шара барысында Қазақ ғылыми-зерттеу мәдениет институты бас директорының орынбасары А.С. Төлеш, т.ғ.д., профессор, ҚР ҰҒА академигі К.М. Байпақов және Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінің директоры Д. Мыңбай өткізіліп отырған іс-шараның маңыздылығына жан-жақты тоқталып өтті.
Археологиялық олжалар Қазақ ғылыми-зерттеу мәдениет институтының бастамасымен Құлан және Отырар қалашықтарында табылды. Құлан нысанында археологтар С.Ш. Ақылбектің жетекшілігімен алғаш рет ортағасырлық қалашық цитаделінің орталық бөлмесін тапты. Құлан Жамбыл облысында, аттас ауылдан қашық емес жерде орналасқан. Ол туралы тарихта ең алғаш VIII ғасырда қытай және араб тарихшыларының деректерінде айтылады. Ал ғылыми тұрғыда қалашық өткен ғасырдың 60-жылдары археолог К.М. Байпақовтың жетекшілігімен зерттелген еді. Цитадел мен шахристанға шурф салынып, қаланың айналасында бірнеше нысандар зерттелді. Сол уақытта қалада тұрған ауқатты адамдардың шарап өндіретін орындары мен үй-жайлары, сондай-ақ билеушінің қаланың сыртындағы резиденциясы анықталды. 2000 жылдары қаланың маңында зерттеу жұмыстарын академик К. Байпақов пен А. Нұржанов жүргізді. Өткен жылдың тамыз айында билеушінің сарайындағы орталық ғимарат зерттелді. Бірегей қабырғадағы жапсырылған өрнектің сақталуы мамандардың тарапынан жоғары бағаға ие болды. Өрнектелген композиция С.Ш. Ақылбектің сөзі бойынша сол уақытта әртүрлі дән мен мәдениеттің болғандығын дәлелдейді. Ескерткіш шамамен алғанда, VII-VIII ғғ. жатады.
Т.ғ.д., профессор, академик К.М. Байпақовтың жетекшілігімен Отырар қалашығында жүргізілген ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижесінде ерте орта ғасырға жататын елуден астам мәдени және тұрмыстық жәдігерлер табылып, олардың басым көпшілігі Қазақстан Республикасының Ұлттық музейіне тапсырылды. Берілген заттар Қазақстан Республикасының Ұлттық музейінің коллекциясын толтырады және олардың бір бөлігі экспозицияға кірсе, басқалары – көрмелерде көрсетілетін болады.
Археологиялық олжалар сәтті табысталғаннан кейін К. Байпақовтың «Қазақ хандығының қалалануы» атты дәрісі өтті. Дәріс барысында Қазақ хандығының орта ғасырлық қалалары жайлы көптеген қызықты мағлұматтар мен тың деректер айтылды. Жиналған қауым аталмыш кездесуден тамаша әсер алып, өз кезегінде ғалымға алғыстарын жеткізді.