22-23 қараша 2013 жылы Алматы қаласында ҚазҒЗМИ ұйымдастыруымен «Қазақстанның тарихи топонимикасы тарихи-географиялық дереккөз ретінде» тақырыбында республикалық ғылыми-тәжірибелік семинары өтті. Семинар Институттың «Көшпелілердің тарихын, археологиясын, этнографиясын, мәдениетін және өнерін тануға арналған ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу» тақырыбындағы фундаменталды зерттеу жұмыстарын жүзеге асыру аясында өткізілді.
Семинар барысында Қазақстанның тарихи топонимикасына қатысты мәселелер, соның ішінде топонимиканың тіл тарихын зерттеудегі, қазақ халқының тарихын жаңғыртудағы (орналасу шекарасы, тілдің таралу аймағы, мәдени және экономикалық орталықтарының, сауда жолдарының т.б. географиясы) рөлі, топонимдердің практикалық транскрипциясы, сондай-ақ ономастиканың атауларды, есімдерді, аталымдарды лингвистикалық зерттеулерді дамытудағы рөлі және жоғалған географиялық атауларды қалпына келтірудің маңыздылығы мәселелері талқыланды.
Семинарға Алматы, Астана, Павлодар, қарағанды, Ақтөбе, Тараз, Шымкент қалаларынан ғалымдар жиналды.
Семинар аясында Қазақ ғылыми-зерттеу мәдениет институтының www.cultural.kz сайты мен ғылыми-әдістемелік «ARTеФАКТ» журналының таныстырылымы өтті.
Семинар фотосуреттерінің сілтемесі: http://cultural.kz