«Мәңгілік аспан астында» қазақстандық фильмі халықаралық кинофестивальдің жеңімпазы атанды

07.04.2016 18:01 1893

Қазақстандық фильм The World of Knowledge («Білім әлемі») оныншы мерейтойлық кинофестиваліне қатысуға өткен жылы Санкт-Петербург (Ресей) қаласында номинацияланды. Он бөлімнен тұратын «Мәңгілік аспан астында» ғылыми-көпшілік фильмді Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысымен Қазақ ғылыми-зерттеу мәдениет институты түсірген болатын. Бақыт Қайырбеков (сценарий авторы және режиссер) және Андрей Хазбулатовтың (бас продюсер) үздік сценарий үшін үздік марапатты жеңіп алды.

«Бұл жоғары марапат ғылыми-көпшілік кино әлі де көрермендер арасында кең таралғандығын  көрсетеді. Бұндай жүлделер мәдениет және ғылымның дамуы мен насихатталуына жаңа белестер аша түседі», - деп есептейді қазылар алқасының төрағасы, продюсер, сценарист, кинооператор, ойындық емес кино және теледидар Гильдиясы Басқармасының мүшесі Виктор Скубей.

Бақыт Қайырбеков, сценарий авторы және режиссеры: «Қазылар алқасының құрамында кино кәсіби мамандары ғана емес, атақты ғалымдар да бар осындай белді фестивальдің жүлдесін алғанымызға өте қуаныштымын. Қазіргі уақытта әлем Орталық Азия, әсіресе Қазақстанның тарихына үлкен қызығушылық танытуда. Біздің сериалымыз өзіміз туралы, халқымыздың сана-сезімі туралы объективті баяндап беруге деген талпыныс болып табылады».  

«Білім әлемі» (The World of Knowledge) Х Ғылыми-көпшілік және ағартушылық фильмдер халықаралық кинофестивалін 2006 жылдың ақпан айында «Леннаучфильм» киностудиясы» Ашық акционерлік қоғамы және «Интеллектуальные ресурсы России» Ұлттық комитеті ұйымдастырған болатын. Кинофестиваль бағдарламасына халықаралық байқау, конкурстан тыс көрсетілімдер және арнайы бағдарлама кіреді. Бұл фестивальға әлем 32 мемлекетінің өкілдері қатысып үлгерді. «Білім әлемі» талай жаңа есімдерді атақты етіп, дүниетаным саласындағы шынайы жаңалықтармен таңқалдырды. Фестиваль киножобалардың үлкен әлемдік көрсетілімге шығуға мүмкіндік беретін жетекші кинофестивальдердің бірі болып табылады.  

«Мәңгілік аспан астында» фильмі 2015 жылы Қазақ хандығының 550 жылдығы шеңберінде түсірілген болатын. Сценарийдің негізі ретінде Нұрсұлтан Назарбаевтың «Тарих толқынында» кітабы алынған. Фильм Қазақ хандығының құрылуына арналған. Әрқайсысы 26 минутқа созылған 10 бөлімнен тұрады. Бөлімдердің әрқайсысы қазақ халқы тарихының белгілі бір кезеңі туралы баяндайды. Сериалдың әр фильмі дербес туынды бола тұра, көшпелі халықтардың дүниетанымы, олардың «мәдениеттер байланысы» ретіндегі ұлы мақсаты және әлемдік өркениеттер, көне кезеңнен бастап бүгінге дейінгі олардың жаңалықтары және бүкіл өркениетті әлемнің жетістігіне айналған табыстары туралы негізгі идеяны насихаттайды. Фильм Қазақстанның әлемдегі тарихи және геосаяси ролін толыққанды ашады.

Еске салып кетсек, деректі фильмнің екі бөлімі былтыр АҚШ-та Джордж Университеті (Вашингтон) және актер, продюсер және режисер Роберт де Нироның TribecaFilm киностудиясында (Нью-Йорк) алғаш рет көрсетілген еді.

mks.gov.kz материалдары бойынша