ҚР Мәдениет және спорт министрлігі және Ресей кинематографистерінің одағы кинематография саласындағы ынтымақтастықты дамыту туралы меморандумға қол қойды (Мәскеу, 2016 ж. 16 мамыр)
16 мамыр, 2016. Мәскеу. «Жұлдыздар тоғысқанда» көркем фильмінің тұсаукесеріне арналған баспасөз конференциясының аясында Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі және Ресей кинематографистері одағы Кинематография саласындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.
Қол қою рәсімі кезіндегі сөзінде ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы екі мемлекеттің кино өнері салаларын тарихи жағдайларға негізделген тығыз ынтымақтастық байланыстыратынын айтып өтті.
- Бүгінгі Меморандумға қол қою Қазақстан үшін үлкен мәртебе. Біз екі мемлекет кино өндірісі арасындағы ынтымақтастық жүйелі және заңды түрде бекітілгендігін қалаймыз. Өткен ғасырдың қырықыншы жылдарында «Мосфильм» және «Ленфильм» секілді орталық киностудиялар Алматыда орналасқандығы біз үшін абырой. ВГИК – тамаша ресей мектебі де сол қырықыншы жылдары Қазақстанда уақытша орналасып қана қоймай, белсенді дамыған болатын. Эйзенштейнның алғашқы туындыларының Қазақстанда жарық көргендігін біз мақтанышпен еске аламыз, - деді министр. Министерство культуры и спорта Республики Казахстан и Союз кинематографистов России подписали Меморандум о сотрудничестве в сфере кинематографии (Москва, 16 мая 2016 г.)