«Қазақстан» Ұлттық телеарнасыда режиссер Бақыт Қайырбековтің «Мәңгілік Аспан астында» атты ғылыми танымдық деректі фильмінің қазақ тілінде көрсетілімі өтті.
Фильмді Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі мен Қазақ ғылыми-зерттеу мәдениет институтының тапсырысы бойынша «Мерген» студиясы түсірген. Бұл бірегей жоба Нұрсұлтан Назарбаевтың «Ғасырлар тоғысында» кітабы негізінде Қазақ хандығының 550-жылдық мерейтойына арнайы даярланды.
Деректі фильмде көшпенділердің жалпы дүниетанымы, шаруашылығы, өмірге деген көзқарасы және ең негізгісі, ел басқару мәдениетінің адамзат тарихындағы орынына маңыз берген. Қазақ халқының өміртанымы мен жыл бас Наурызды қарсы алудағы салт-дәстүрі, таным-түсінігі жөніндегі ғылыми пікірлер фильм тілімен жандана түскен. «Аспанның мәңгілік назарында» елдің басты тарихи оқиғалары – Ұлы Жібек жолы, Керей мен Жәнібек хандардың 1465 жылдан бастап билік құрған, яғни Қазақ хандығының негізі қаланған кезең, моңғол шапқыншылығы мен әлемдік геосаяси тұрғыдағы қайта бөлісу, тәуелсіз Қазақстанның құрылуы, ұлттық бірліктің жаңа символына айналған – елорда Астана және заманауи мемлекеттің негізін қалауға баға жетпес үлес қосқан – ұлт көшбасшысы Н.Ә. Назарбаевтың тарихи тұлғасы айқындалған.
Фильмнің әр сериалы өз алдына туынды болып табылады, онда көшпелі халықтардың ежелгі заманнан бергі дүниетанымы жайлы, әлемдік өркениет пен «мәдениеттер байланысы» жетістіктер мен жаңалықтар, жабайы жылқыны қолға үйрету мен алғашқы металлургиялық пештердің пайда болуы, үзеңгі мен оттың және өзге де әлемдік өркениеттің құндылығы болып табылатын ноу-хауларды аша түседі.
Сериал тек тарихи емес, сонымен бірге қазақ халқының ұлы мұрасы саналатын мифологияға, фольклор мен этнографияға негізделген философиялық, дүниетанымдық болып есептеледі.
Бұрын бұл сериал 1 арна "Время" Дүниежүзілік ресей телеарнасының желісінде көрсетілген еді. 2015 жылы фильм The World of Knowledge («Білім әлемі») кинофестивалінде үздік сценарий үшін марапатты жеңіп алды және АҚШ-та Джордж Университеті (Вашингтон) мен актер, продюсер және режисер Роберт де Нироның TribecaFilm киностудиясында (Нью-Йорк) алғаш рет көрсетілген еді.
Қазақстан Республикасы Мәдениет және Спорт Министірлігі Қазақ ғылыми-зерттеу мәдениет институтының баспасөз қызметі