«Мосфильмде» қазақстандық кинематографияны дамыту тұжырымдамасын талқылады.

12.08.2016 09:54 1971

 

2016 жылдың 12 тамыз күні Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Қазақ ғылыми-зерттеу мәдениет институты «Мосфильмде» «Қазақстан Республикасындағы кинематографияны 2050 жылға дейін дамыту тұжырымдамасы жобасын талқылау» атты дөңгелек үстел өткізді.

Дөңгелек үстелдің негізгі мақсаты болып: кинематографияны дамытудың қажетті жағдайлар мен шаралар, «Кино туралы» заңы мен Тұжырымдаманы жобасын талқылау болды.

Дөңгелек үстелдің жұмысына Ресей Кинематографистер Одағының мүшелері, ғылыми және шығармашылық зиялы қауым өкілдері қатысты. Осы сала бойынша Ресейдің бетке ұстар сарапшылары қазақстандық кино өндірісті дамыту және өзекті мәселелерді шешу бойынша өз көзқарастарын білдірді.

Андрей Хазбулатов, Қазақ ғылыми-зерттеу мәдениет институтының бас директоры, талқылауға қатысушыларды Қазақстандағы кинематографияны дамыту Тұжырымдамасының негізгі жағдайымен таныстырды. «Қазақстанда аталмыш тұжырымдама бойынша кинематографистер мен сарапшылар арасында талқылау өткізілді. Біз киноиндустриядағы үздік шетелдік тәжірибені қолданғымыз келеді. Ресейлік заңнама мен мемлекет тарапынан көрсетілетін қолдау өзінің тиімділігін көрсетуде, сол себепті біз ресейлік әріптестерімізбен тығыз қарым-қатынастамыз» - деп атап өтті ол. 

 

 

Олег Иванов, РФ Кинематографистер Одағы төрағасының орынбасары: «Ресей мен Қазақстан арасында кино индустриясы аясында қарым-қатынастардың барлық жағдайлары қарастырылған. Оған мамыр айында РФ Кинематографистері Одағы мен ҚР Мәдениет және спорт министрлігі арасында жасалған Меморандум дәлел».

Қазіргі таңда кинозалдарды тек қана ірі қалаларда ғана емес, сондай-ақ аймақтарда да көбейту керек. Олег Ивановтың сөзі бойынша кинотеатрда кино көрсету үшін коммерциялық тұрғыда ол табысты болуы тиіс: «егер киноны залдарда көрсетпесе, онда мемлекет ақшаны шашып тастады деген сөз».

Қазақ ғылыми-зерттеу мәдениет институты жүргізген әлеуметтік зерттеудің қорытындысы бойынша Надежда Астахова, «КиноЭкспертиза» ғылыми-зерттеу және сараптама орталығының директоры, қазақстандық кино аудиториясын анықтады: «Сауалнамаға қатысқандардың 80 пайызы ұлттық фильмдердің сапасын арттыруды және отандық кинематографияны дамытуды қолдайды. Көрермендердің пікірінше, кинотеатрларда қазақ тіліндегі комедия, тарихи фильмдер және отбасылық мелодрамалар сұранысқа ие»

«КиноЭкспертиза» ғылыми-зерттеу және сараптама орталығының жетекші маманы Никита Большаков: «Сарапшылардың бір бөлігі соңғы кездері қазақстандық кинематография тоқырауға ұшырады деген пікірде. Ал халықаралық сарапшылар керісінше, жоғары пікірде. Қазақстандық кинематографияда бірқатар шешілмеген мәселелер бар. Ол – шетелдік көрермендер арасында танымал емес және прокат саны шектеулі, сондай-ақ кино индустриясында білікті кадрлар аздығы мен «Кино туралы» заңының жоқтығын айтып өтті.  

 

 

 

Дмитрий Якунин, продюсер, Мәскеулік «Будем жить!» кинофестивалі мен РФ кинематографистер Одағының Жастар орталығының директоры: «Қол қойылған Меморандумның аясындағы кино индустриядағы ресейлік-қазақстандық әріптестікті дамыту болашақтағы басым бағыттардың бірі болып табылады».

Марк Рассказов, режиссер: «Рисерч энд девелопмент жобасын құру қажет, оның нәтижесі бойынша сапалы жобалар туындауы керек және бірлескен жобаларға бастамашылық жасау қажет»

 

 

Андрей Терешок: «Қажетті құрылымдық салаларды өзгерту керек және инвестициялық тартымдылықты арттыруға бағытталған іс-шараларды әзірлеу керек.

Дөңгелек үстелге қатысушылар ортақ бір пікірге келді. Елге кинематографияны дамытатын Тұжырымдама жобасы мен «Кино туралы» заңы қажет. Сондай-ақ олар ұсынылған Тұжырымдама мәтінін мақұлдап, Қазақ ғылыми-зерттеу мәдениет институтына қолдау білдірді.

Кинематографистер Одағының Мүшелері тиісті құжаттардың қабылдануы арқылы инвестициялық тартымдылық пен мемлекеттің тапсырысындағы фильмдер мен тәуелсіз кинолардың сапасының артатынына сенімді. Осының барлығы бірігіп, шығармашылық адамдарының әлемдік киноны тудыратынына демеу бола отырып, әлемдік аренада ұлттық кино мен мәдениетті көрсету арқылы кино өндірісін жаңа сатыға көтеруге мүмкіндік туғызмақ.