Қазақстандық «Мәңгілік аспан астында» фильмі Қытай халықаралық кинофестивалінде жеңімпаз атанды

22.08.2016 15:57 1835

 

Ағымдағы жылдың 18-21 тамыз аралығында Синьцзянда Халықаралық мәдениет көрме мен креативті индустрия аясында кинофестиваль өтті. Кинофестиваль мен көрмені ұйымдастырған Қытай Халық Республикасының мәдениет Министрлігі болды.

Кинофестивальде 78 фильм ұсынылды. Режиссер Бақыт Қайырбековтың

«Мәңгілік аспан астында» атты ғылыми танымдық фильмі «Инновациялық жоба» номинациясы бойынша жоғары марапатқа ие болды және Қытай Халық Республикасының мәдениет Министрлігінің жүлдесін алды.

Фильмді Қазақстан Республикасы мәдениет және спорт Министрлігінің тапсырысы бойынша Қазақ ғылыми-зерттеу мәдениет институты мен «Мерген» студиясы түсірген. Бұл жоба Нұрсұлтан Назарбаевтың «Ғасырлар тоғысында» кітабы негізінде Қазақ хандығының 550-жылдық мерейтойына арнайы даярланды.

Кенес Сани, Синьцзян-Ұйғыр автономиясы ауданының мәдениет Департаменті директорының орынбасары: «Қазақстандық фильм кинофестивальдің лайықты жоғары марапатына ие болды.  Фильм қазақ халқының мәдениеті мен өмірін жаңа тұрғыдан ашып, көрмеге келушілердің үлкен қызығушылықтарын тудырды. Біз бұдан былай екі ел арасындағы ынтымақтастықтың жемісті болатынына үміттенеміз».

Сонымен қатар, Қазақ ғылыми-зерттеу мәдениет институты Халықаралық көрмеге қатысты. Көрмедегі институттың стендтардан көрмене келушілер Қазақстанның бай туристік, инновациялық және инвестициялық әлеуеті, ғылымда бағындырған жетістіктері жайлы, мәдениетімен, институтың қызметі туралы ақпараттық материалдар мен таныса алды. Сонымен қатар, кинофестивальде ұсынылған «Мәңгілік аспан астында» атты фильмді тамашалауға мүмкіндік туды. Көрменің жұмыс істеп тұрған уақытында қазақстандық стендті мыңдаған адам тамашалады.

Кинофестивальге қатысушылардың ортақ пікірі бойынша қазақстандық фильмдер шетелдік көрермендердің тарапынан сұранысқа ие. Өйткені дәл осы фильмдер арқылы адамдар Қазақстан халқының бай мәдениеті, салт-дәстүрлерімен таныса алады.