Қазақстандық «Мәңгілік аспан астында» фильмі Қытай халықаралық кинофестиваліне қатысады

19.08.2016 12:13 1832

 

Қазақстандық ғылыми-зерттеу мәдениет институты Халықаралық мәдениет көрме және креативті индустрия бағыты бойынша режиссер Бақыт Қайырбеков өзінің ғылыми танылған «Мәңгілік аспан астында» фильмін Синцзян қаласында өтетін жұрт назарына ұсынады.

«Мәңгілік аспан астында» фильмі Қазақ ғылыми-зерттеу мәдениет институты және Қазақстан Республикасының мәдениет және спорт Министрлігінің тапсырысы бойынша «Мерген»  студиясында 2015 жылы түсірілген.Бұл бірегей жоба Қазақ хандығының 550-жылдығына орай сонымен қатар Нұрсұлтан Назарбаевтың «Тарих толқынында» атты кітабіна негізделіп түсірілген.

Бұл фильм алғашында дүниежүзілік желідегі Ресейлік «Время» 1 телеарнасында және ұлттық «Қазақстан» телеарнасында қазақ тілінде көрсетілген.2015 жылы «The World of Knowledge» кинофестивалі,сонымен қатар АҚШ-та Джордж Вашингтон Университеті және Роберт де Ниро «Tribecafilm» киностудиясы ең үздік сценарий ретінде марапаттаған.

«Абай жолы» анимациялы компаниясының директоры Косман Кажытай Үрімші қаласында: «Әр түрлі елдер назарына ұсынған көрме аясында сонымен қатар кинофестивальдар өтеді.Біз үшін Қазақстанның мәдени байлығын,салт-дәстүрлерін Қытай еліне көрсету үлкен дәреже. «Мәңгілік аспан астында» фильмі екі ел арасындағы мәдениет саласында ынтымақты орнатуға деген үлкен қадам».

Қазақ ғылыми-зерттеу мәдениет институтының Халықаралық қатынастар жетекшісі Елдос Мертенов: «Бұл көрмеде біз Қазақстандық фильмді ең алғаш рет Қытай еліне ұсынғалы отырмыз.Көпшілік қауым біздің елімізге,мәдениетімізге және тарихымызға қызығушылық білдіруде.Фильмді көпшілік назарына ұсыну ұйымдастырылды және де біз сіздердің назарларыңыздан шығады деген үміттеміз.Біздің негізгі мақсатымыз Қазақ халқының салт-дәстүрін,мәдениетін сонымен қатар Жібек Жолы елінің қарым-қатынастарын дамытып,нығайту».