Санк-Петербург қаласының көркем галереяларын және музей фондтарын зерттеу

29.08.2016 15:45 1910

 

Жоба жетекшісі, ғылыми дәрежедегі доктор PhD, Андрей Хазбулатов Санк-Петербург қаласының көркем галереяларын және музей фондтарын зерттей отырып, «Көшпенді қазақтардың мәдениеттері және дәстүрлі анималистикалық бейнелер» жобасын қарастырды. Мемлекеттік Эрмитаж фондынан музейлік жинақтар,Мемлекеттік Ресей музейі, Кунсткамер,Ресейлік этнографиялық музей және заманауи «Эрарта» көркемөнерлері зерттелді.Сонымен қатар Ресейдің мәдениет және өнерінің сақталуы жайында жетекші мамандармен кеңес өткізді.

Бұл жобаның негізгі мақсаты ежелгі және қазіргі заманғы бейнелі иконографиялық тілдерді салыстырмалы түрде талдау және оларға басқа да әр түрлі түркі тілдес халықтар тығыз байланыста екенін ескере отырып,ежелгі көне және ортағасырлық өнер мысалында анималистикалық сәндік қолданбалы бейнелерді анықтауболып табылады. Қазіргі түрік мәдениетіне белгілі бір ықпалын тигізе отырып,мәртебесінің болуына ықпал етеді.

Ғылыми зерттеудің нәтижесі түрік халықтарының және Сибир, Кавказ, Ресей елдерінің ауқымды фотоматериалдары,анималистикалық бейнелердің ежелгі,көне және орта ғасырлық түркі тілдес халықтарының түрлі көріністеріне кең фотографиялық материал болып табылады.Бұл талдаулардан кейінірек бірқатар ғылыми мақалалар жарыққа шығады.

Қазақ ғылыми-зерттеу мәдениет институтының ғылыми қызметкерлері 2016 жылы «Көшпелі қазақтардың өнер және мәдениет саласындағы анималистикалық бейнелері мен сарындары(ежелгі,орта ғасыр және қазіргі заман)» атты жоба бойынша Санкт-Петербург,  Оренбург, Алматы,Ташкент және Самарканд қалаларына ғылыми іс-сапар жүргізілді.

Қазіргі кезде іздеу жұмыстары жалғастырылуда.